Бұрын соңды болмаған және қайталанбаған геноцид


Адамзат тарихында отарлаушылардан зардар шеккен халық көп. Туған жерінен, елінен айырған өзге ұлт қожайын сипатқа еніп білгенін істеп жүрді. Қоластында қалған халықтың кейбірі жойылып кетсе, енді бірі жойылудың алдында ғана тұр. Қазақ сияқты басқыншылардан зардап шеккен бірден-бір халық – үндістер. Өзге ел, өзге жер болса да отарлау сипаты бір болып келетіндіктен, назарларыңызға мына бір мақаланы ұсынамыз.
Үндістер – америка құрлығының байырғы тұрғындары. Оларды бүгінгі күні Америка мен Канаданың батырлары деп есептеп жүрген баскесерлер қырып жіберді. Бұл ретте әрине, солтүстік америка байырғы жұртына тек таңданыспен ғана қарауға болады. Олардың арнайы түрде жою жұмыстары әлі де құпия ретінде сақталып, ешкім ашық-қанығын айтпай жүр. Ойлап қарасақ, бұл еврейлерге жасалған геноцид холокосттан да сорақы. Ия, бұл геноцид. Адамзат тарихындағы ең ауыр геноцидтердің бірі. Адамдарды тек тегі үндіс болғаннан кейін ғана өлтіріп жүрді. Америка құрлығына аяқ басқан еуропалықтар бұл жұрттың хайуан ретінде ғана қарады.
«Американы жаулаушылардың» қасында Гитлер есіктің алдындағы күшік сияқты ғана. Американдықтардың үндістерге қарсы бес жүз бойы соғыс нәтижесінде 114 миллионның 95 миллионының көзі құрып кетіпті.
Гитлерлік тұтқындар отыратын лагерлердің негізгі концепциясы осы АҚШ-тың жаулау тарихын зерттеумен құрылған. Ол Оңтүстік Америкадағы жүргізілген саясатқа таңданып, тұсауға келмейтін халықты аштық пен қарсы келе алмайтын соғыста жеңу стратегиясына мақтап жүрді.
Геноцид – бір халықты, тайпаны жер бетінен жою үшін жасалған әрекет. Қысқаша түсінігі осы. Бір қызығы, АҚШ әлі күнге дейін БҰҰ бекіткен геноцидқа қатысты конвенцияны қабылдамай отыр екен. Бұл түсінікті де. Олардың үндістерге жасалған қатыгездігі геноцид болмай немене?
Американдық геноцид саясаты: жергілікті жерді түпкілікті құрты, биологиялық соғыс, халықты туған жерінен күшті түрде көшіру, тұтындау, өзге нәрсенің құндылықтарын арттыру, түп-тамырын (жеті атасын) ұмыттыру, жергілікті әйелдерді хирургиялық тәсіл арқылы ұрығын жою, діни рәсімдерді өткізуіне қарсылық сияқты көптеген мысалдарды айтуға болады. Және бұл үшін арнайы термин – «түпкілікті шешім» ойлап табылды.
Сонда осы күнге дейін адамзат тарихындағы ең үлкен геноцид неге әлі де құпия? Ұзаққа созылғаннан кейін қалыпты жағдай деп қабылдап кетуі себеп емес пе? Бұл жайында мәлімет мектеп табалдырығында, әсіресе Солтүстік Америка аймағындағы оқулықтарда кездесе алмайсыз.
Ал кездесетін мәліметтерде бұл жерде адам тұрмады деген ақпаратты ғана аласыз. Бірақ европалықтар келмегенге дейін бұл жерде үндістердің қалалары құлпырып тұрды. Мехиконың бір аймағында, кез келген Еуропаның қаласындағы тұрғын санынан көп еді. Халық тоқ және сау еді. Алғашқы жаулаушылар азық-түлік сапасына қарап таңданысын жасырмаған.
Соғыстан кейінгі Германияға қарағанда, Солтүстік Америка үкіметі (АҚШ пен Канада) үндістерді қыруды геноцид, жүйелі түрде жергілікті жұртты жою деп қабылдаудан бас тартып отыр.
«Түпкілікті шешім» терминін үндістердің ісі бойынша жауапты Дункан Кэмпбелл Скотт пен Канада Адольфа Эйхман 1910 жылы ойлап табылды. Өзінің арнайы мәлімдемесінде үндістердің ісіне өкінішін білдіргендей:
«Біз үндіс балалардың жабық мектептерде отырғаннан кейін денсаулығы нашарлайды бұл олардың өлім санын көбейтіп отыр. Өздерінің ауылдарында болғанға қарағанда, бұл жерде өлім саны көп. Десе де бұл жәйт үндістердің мәселесіне қарасты шешімді өзгертпейді» деп мәлімдеді.
Марлон Брандо есімді жазушы өзінің кітабында мынадай дерек келтіреді:
«Олардың тұрып жатқан мекенінен қуып жібергеннен кейін басқа қоныстарға жайғастырды. Арнайы миссионерлерді жіберіп христиан дінін қабылдауға күштеді. Үндістердің өміріне қызықанымнан кейін, оларға жиі сапар шегіп отырдым. Сонда байқағаным, үндістерді адам баласы деп санамайтындар жетерлік екен. Және бұл ең басынан осылай болған еді».
Коттон Матер есімді ғалым-ұстаз арнайы пәтуа берген екен. Өзінің жазбасында үндістерді шайттанның балалары деп қабылдауды және оларды өлтіру құдайдың алдындағы ұлы жол депті.
1864 жылы полковник Джон Шевинтон кезекті үндістердің ауылын жер бетінен жойып жібергеннен кейін өз сарбаздарына: «Мен бұнда үндістерді өлтіру үшін келгенмін. Бұл аса құрметті іс деп санаймын. Үндістердің өздерін де, балаларын да аямандар. Қолында бар кез келген күшті пайдаланып оларды өлтіру міндетті».
Солдаттар әйелдердің ішкі мүшесін кесіп алып, өз садақтарына қадап, омырау терісінен дорба жасаған. Кейін бұл «бұйымдарын» Денвердегі опера теартрында көрмеге қойып мақтанып жүріпті.
АҚШ тағы бір халықтың «көзін ашамыз» дегенде өздерінің бұрынғы былығына қараса екен. Басқаларды сасық, жабайы, дінсіз дегенше өздерінің сасып отырғанын білмей ме? Істерін қарап отырып өркениетті деп айтуымыз қиын. Ал мақсат мүддесі тек өздерінің ғана бас пайдасы екені айдан анық.
Д. Стэннард. Американдық холокост. (Oxford Press, 1992)