Мадрид келісімі
1891 жылғы «Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы» Мадрид келісімі қазіргі уақытта тауар белгілерін қорғауда аумақтық қағидасын жеңуге бағытталған негізгі халықаралық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасы бұл келісімге 1993 жылы қосылды. Бұл келісімнің мәні - интеллектуалдық меншік халықаралық бюросында (Женевада) тіркелген тауар таңбасы келісімге қатысушы мемлекетте ол жерде тікелей өтінім бергендегідей, қорғау алады. Бұл Мадрид келісімінің барлық қатысушы мемлекеттерде тауар таңбасының біртұтас құқықтық режимін құрмайтындығын көрсетеді, тек тауар таңбасын әрбір елде тіркеу қажеттілігін болатын, көптеген елде қорғау алу процедурасын жеңілдетеді. 1996 жылдың 1 сәуірінен бастап келісімге қатысушы мемлекеттердің бәрінде әрекет ететін біртұтас қорғау құжатын алу мүмкіндігі пайда болды.
1891 жылы Мадридте қабылданған Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы келісім жағдайды жақсартуда маңызды қадам болды. Келісімге сәйкес шығындар құнын елеулі түрде төмендетуге көмектесетін қатысушы мемлекеттердің барлығында танылатын ұлттық және халықаралық тіркеу үшін біртұтас тауар таңбасын ьеру мүмкіндігі ашылды. Алайда Мадрид келісімінде ақаулықтар да болды. Біріншіден, ол қабылданған кезде елдердің көбісінде тіркеу таңбаны зерттемей – ақ өткізілетін. Бұл факт келісімінің бірқатар ережелерінде көрініс тапты. Ең алдымен, тіркеудің екі кезеңді процесі туралы ережелерінде: алдымен ұлттық, кейін халықаралық деңгейде, таңбаның егжей – тегжейлі зерттелуі өтетін немесе оның тіркелуге дейін тәжірибелік қолданылуы міндетті мемлекеттен өтінім беруші тиімсіз жағдайға ұшырайды. Екіншіден, ұлттық тіркеу инстанцияларының тіркеуден бір жыл ішінде ғана бас тарта алу фактісі тауарды зерттеуге берілетін мерзімді тыңғылықты жұмыс жүргізу үшін өте қысқы етеді. Үшіншіден, ұлттық қызметтегі тіркеу жөнінде қызмет құнының төмендігі өтімнің дұрыс зерттелуін жүргізуге кеткен шығындарды қамти алмайды. Төртіншіден, алғашқы тіркеу еліндегі тіркеуді жарамсыз деп тану барлық мемлекеттерде тауар таңбасының жарамсыздығына алып келетін бірорталықтандырылған шағымдану жүйесі таңбалардың шағымдануы жиі болатын мемлекетердің өтінім берушілерін қанағаттандырады. Осыған байланысты тауар таңбаларымен қамсыздандырылған ең үлкен тауар нарығы бар АҚШ Мадрид келісіміне кірмейді.