Авторлық келісім түрлері

Авторлық келісім дегеніміз ғылым,әдебиет пен өнер авторының немесе басқа мүліктік құқық иесінің бір жағынан шығарма қолданушының сыйақыға белгіленген уақыт ұзақтығына негізделген әдіс бойынша қолданушыға шығарманы пайдалану құқығын беру келісімі . автор шығарманы бекітілген уақытқа дейін қолданушыға беруге міндеттеледі, ал қолданушы шығарманы өзіне ұсынылған құқық бойынша пайдалануға және сыйақы төлеуне міндеттенеді.
Авторлық келісімде аты және тура мағынасы бойынша ерекше құқық пайдаланушыға сатылып берілмейді, тек уақытша беріледі. Осылайша авторлық келісім мүлікті иемдену мен мүліктік авторлық құқықтың бекітілуін осындай әдістермен қорғайды.
Авторлық келісім объектілері болып мыналар есептеледі: әдеби шығармалар, сценариялық шығармалар, хореографиялық шығармалар мен пантоммимдер, музыкалық текстті және текстсіз шығармалар, аудиовизуалды шығармалар(кино-,теле- және видеофильмдер, слайдфильмдер, диафильмдер және басқа кино- және телешығармалар), скульптурлар, графикалар,дизайндар, графикалық комикстер мен басқа да бейнелеу шығармалары, фотографиялық шығармалар, географиялық және басқа да карталар, жобалар, эскиздер және пластикалық шығармалар, топография мен басқа да ғылыми шығармалар.
Авторлық келісімге тауар сатушысының сатып алушыға тауарды еркін түрде үшінші біреудің кез келген құқығына ережелер таратуға болады.
Авторлық келісімнің 3 түрі бар:
1) ерекше құқықты беру жөніндегі авторлық келісім. Бұл шығарманы келісімде бекітілген белгілі әдістермен пайдалануға рұқсат ететін және пайдаланушыға осы шығарманы басқа біреудің қолдануына тыйым салу құқығын беретін келісім түрі. Егер басқа біреудің шығарманы пайдалануына құқықты алған пайдаланушы тыйым салмаса, онда оны шығарма авторының өзі жүзеге асыра алады.
Басқа бір тұлғаның шығарманы қолдануына тыйым салу авторлық келісім бойынша ерекше құқықты қолданушыға беру арқылы жүзеге асады, бірақ авторда да осы құқық қалады тек оны қолданушы жүзеге асырмай жатса. Сондай-ақ қолданушы егер автор ерекше құқықты бұзып жатқан жағдайда автордан да қорғана алады.
2)ерекше емес құқықты беру жөніндегі авторлық келісім. Бұл шығарманы пайдаланудың ерекше емес құқық түріне ие болған басқа біреумен тең пайдалану туралы келісім.
3)тапсырыстың авторлық келісімі. Тапсырыстың авторлық келісімі – тапсырыс берушіге автордың келісімдегі шарттар бойынша шығарма жасап , оны тапсырыс берушіге беру келісімі.
Авторлық келісім классификациясы

Азаматтық – құқықтық келісімнің ерекше түріне жататын авторлық келісім шығарма түрлеріне және қолданылуына байланысты жеке топтарға бөлінеді.
Авторлық келісімнің көп таралған түрі баспалық келісім болып табылады. Бұл келісімде баспада шығаруға және қайта шығаруға байланысты сұрықтар реттеледі. Бұларға әдеби шығармалар, музыкалық шығармалар, бейнелеу шығармалары т.б. шығармалар жатады. Бұл көрсетілген шығармалар арнайы ғылыми жұмыстардың тақырыбы ретінде көп қолданылатындықтан, толығырақ заңдастырылады.
Қойылымдық келісім пайдаланудың негізгі әдісі көпшіліктік жариялау болған кезде жасалады. Оның объектілері боп театрлық-көрсету ұйымдары сахнада қойылым жасау арқылы қолданылатын драмалық шығармалар, музыка немесе либретто опералары, балет, оперертталар және т.б. шығармалар жатады.
Сценариялық келісім – бұл кино-фильм, телефильм түсірілетін, радио немесе теле-хабарлар , көпшілік – көрсетулерге арналған текстерді қолдануға арналған регламенттеуші қатынас. Сценариялық келісім қойылымдық келісімге ұқсас, олардың негізгі айырмашылығы әдеби сценарий драммалық шығармаға қарағанда өзінің өзгеріссіз қалпында емес, кинематограф , телевидение мен радио режиссерінің қажетіне бейімделіп жасалады, сол арқылы фильм түсіріледі немесе хабар жасалады.
Келесі келісім түрі жазбаны депонирлеу. Ол шарттар мен жариялау тәртібін және шығарманы алдағы қолдануды реттейді және олар арнайы ақпараттық органға сақтауға беріледі. Әдетте депонирлеу әдісімен қызығушылық білдіретін арнайы шектеулі мамандар тобына ғылыми мақалалар депонирлеу әдісімен жарияланады. Қызығушылық танытқан тұлғалардың сұранысы бойынша оларға депонирленген шығарманың немесе жеке бөліктерінің көшірмесі ұсынылады.
Әдеби тапсырыс келісімі көпшілік кқрсетілім мақсатында бейнелеу шығармасының жасалуымен байланысты қатынас. Оған ұйым немесе жеке тұлға ұсынысы бойынша автор жасаған әртүрлі бейнелеу өнері шығармалары жатады және ол ұйым мен жеке тұлғаның қолына көшеді. шығарма авторының авторлық құқығын сыйлай отырып, шығарманы иеленуші өз қалауларынша пайдалана алады.
Әсемдік- қолданбалы өнер шығармалары өндірісте қолдану жөніндегі келісім әсемдік-қолданбалы өнер шығармаларын өндірісте тираждаумен байланысты сұрақтарды реттеуді қарастырады. Ол өндірістің штаттан тыс шығармалары қолданылатын суретшілерімен жасалады. Авторлар әсемдік – қолданбалы өнер шығармасын жасағаны үшін және кезекті тираждаудың қолданылу көлеміне байланысты сыйақы алады.