Өнертабысқа сипаттама. Өнертабыс формуласы
Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтiнiмдердi құрастыру, ресiмдеу және беру
Өнертабысқа өтiнiм өнертабыстың авторы, өнертабыс авторына жұмыс берушi, олардың құқықтық мирасқорлары немесе аталған тұлғалардың аралығында өзара келiсiмi болған жағдайда өнертабысқа өтiнiм беруге құқылы (бұдан әрi - өтiнiм берушi).
Өнертабыстың авторы - шығармашылық еңбек еткен жеке тұлға, өтiнiмдi беруге және келесi жағдайларда инновациялық патент немесе патент алуына болады:
• егер өнертабыс қызметтiк болып табылмаса;
• егер өнертабыс қызметтiк болып, бiрақ автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiммен инновациялық патенттi немесе патенттi алуға автордың құқығы көзделген жағдайда, сондай-ақ автордың жаңадан жасалған қызметтiк өнертабысы туралы хабарлаған күннен бастап жұмыс берушi төрт ай iшiнде сараптама жасау ұйымына бермесе, басқа тұлғаға өтiнiмдi беру құқығын бермесе және авторға өнертабыстың құпиясын сақтау туралы хабарламаса.
Өтiнiмде келесi құжаттар болуы тиiс:
• өнертабыс авторлары және өнертабысқа инновациялық патент немесе патент сұратылып отырған тұлғалардың атын көрсете отырып, инновациялық патенттi беру туралы өтiнiм немесе патент беру туралы өтiнiм, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны;
• тиiстi бiлiм саласында маманмен жүзеге асырылатын өнертабыстың жеткiлiктi толық ашылған сипаттамасы;
• оның мәнiн бiлдiретiн және өнертабыс нысанын анықтайтын өнертабыс формуласы . Формула түсiнiктi, нақты болуы керек және сипаттамаға негiзделуi тиiс;
• егер өнертабыс мәнiн түсiнуге қажеттi болса сызбалар мен өзге де материалдар;
• реферат;
• iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат.
6. Өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттар:
1) Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжат.
2) алғашқы өтiнiм көшiрмесi өтiнiмге конвенциялық басымдығын сұратумен тiркеледi және ол конвенциялық өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей тапсырылады. Егер алғашқы өтiнiмдер бiрнешеу болса, осы өтiнiм көшiрмелерiнiң барлығы тiркеледi.
3) депозиттеу туралы құжат, оған ресми уәкiлеттi коллекция-депозитарийда микроорганизмнiң жаңа штаммына, өсiмдiктер мен жануарлардың жасаушасына жататын өнертабысқа берiлген өтiнiмге қоса берiледi.
4) нуклеотидтер мен/немесе аминқышқылдары тiзбегiнiң тiзiлiмi бар өтiнiмге Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының (бұдан әрi - ДЗМҰ) ST.25 стандарты талаптарын қанағаттандыратын, сол тiзбек тiзiлiмiнiң көшiрмесi бар машина оқитын ақпарат көзi (дискета) және машина оқитын нысанда берiлген ақпараттың қағазға басылған нысанға сәйкестiгiне қатысты өтiнiм берушiнiң қолы қойылған өтiнiм берiледi;
5) жазбаша түрде берiлген өтiнiмге электронды тасымалдаушыдағы оның көшiрмелерi қоса берiледi. Бұл ретте өтiнiм берушi мәтiннiң баспа түрi мен электронды тасымалдаушыдағы сәйкестiгi туралы ресми мәлiмдеме бередi.
7. Өнертабысқа инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтiнiм мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде тапсырылады. Өтiнiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлдерде тапсырылады. Егер өтiнiмнiң өзге құжаттары басқа тiлде тапсырылса, өтiнiмге олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi аудармасы қоса берiледi.
8. Инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтiнiм төрт данада, өнертабыс мәнiн түсiнуге қажеттi өнертабыс сипаттамасы , өнертабыс формуласы , сызбалар және өзге материалдар, сондай-ақ мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылған реферат үш данада тапсырылады.
9. Әдебиетте кеңiнен қолданылмайтын терминдер мен белгiлердi пайдалану кезiнде олардың маңызы алғашқы қолданылу мәтiнiнде түсiндiрiледi;
Барлық шартты белгiлер ашық көрсетiледi, сипаттамада және формулада терминология бiрлiгi сақталады, яғни сипаттама мәтiнiндегi және формуладағы бiр белгiлер бiр атаумен аталынады. Терминология бiрлiгi талаптары физикалық бiрлiк өлшемдерiне және белгiлердi пайдалануға да қатысты болады;
Өнертабыс атауында қажет болған жағдайларда латын әлiпбиi мен араб сандарының нышандары болуы мүмкiн. Өнертабыс атауында өзге әлiпби нышандарын, өнертабыс атауында арнайы таңбаларды қолдануға жол берiлмейдi.
Физикалық көлемдер қолданылып жүрген Халықаралық бiрлiктер жүйесi бiрлiктерiмен СИ белгiленгенi жөн.
10. Репродукциялауға жарамдылық:
1) барлық құжаттар оларды тiкелей репродукциялауға боларлықтай етiп ресiмделедi;
2) әрбiр парақ аздау бетiндегi жолдарға параллель күйде бiр жағынан ғана пайдаланылады.
11. Өтiнiм құжаттары жылтыр емес, берiк, ақ, тегiс қағазда орындалады.
12. Жеке парақтарға, олардың көлемiне қойылатын талаптар:
1) өтiнiмнiң әрбiр құжаты жеке парақта басталады. Парақтың көлемi 210 х 297 мм болады. Сипаттаманы , формуланы , рефератты қамтитын парақ бетiнiң ең кiшi көлемi:
- жоғары, оң және төменгi жағы - 20,
- сол жағы - 25 мм.
Сызбалардан тұратын парақ бетiнiң ең кiшi көлемi, мм:
- жоғары және сол жағы - 25,
- оң жағы - 15,
- төменгi жағы - 10 мм;
2) фотосурет мөлшерi белгiленген өтiнiм құжаттарының парақтары көлемiнен аспайтындай етiп таңдалады. Шағын көлемдi фотосуреттер осы Нұсқаулықтың 1-тм. мөлшер мен сапа талабына сәйкес қағаз парағына желiмделiп берiледi.
Өнертабыс формуласы - патенттің ұсынысы бойынша жаңалықтың техникалық мәнінін көлемі және заң қорғау көлемін анықтауға арналған, шартты нормативті құжаттармен, ережелерден құрастырылған қысқаша сөздік мінездеме