Патенттік құжаттардың жалпы сипаттамасы
Патенттік құжаттар – бәсекелестер қолданатын ең құнды коммерциялық технологиялар туралы ақпарат беріп, белгілі облыстағы техниканың қазіргі және болашақтағы ахуалын бағалауға көмектеседі.
Өздік зерттемелердің техникалық деңгейін анықтау немесе патент беру процессі – тиісті тәжірибені талап ететін едәуір күрделі процесс.
Патенттік қор Сіздерге уақытпен қаражаттын шығының шеттеуге көмектеседі.
Патенттік құжаттама
- Қағаз жеткізушідегі өнертабыстың сипаттамасы.
- Электронды жеткізушідегі (CD-ROM) иновациялық патенттерге және Қазақстан Республикасының патенттеріне өнертабыстың сипаттамасы.
- Қазақстанның патенттері (өнертабыстар, пайдалы модельдер).
- Электронды жеткізушідегі (CD-ROM) Ресей патенттерінің рефераттары.
- Интеллектуалдық меншігі бойынша кітаптар, нұсқаулар мен әдістемелік ұсыныстар
- Техникалық шығармашылық бойынша мерзімді басылымдар
Қорғау құжатын алу тәртiбi
16-бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау
1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi.
2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтiнiмнiң өзге құжаттары мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымына басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн үшiншi тұлғалардың өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс.
17-бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм
1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).
2. Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;
2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге, сонымен бiрге ресми сараптама жүргiзуге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтiнiмге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.
3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген өтiнiм құжаттары түскен күн бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi.
4. Өнертабысқа өтiнiмдi жасауға, ресiмдеуге және қарауға қойылатын талаптарды сараптама жасау ұйымы белгiлейдi.