Жемістерді мерекеге сай сәндеу #2

Жаңа жылдық дастарқанды безендіру де әйелдер қауымы үшін үлкен мәселе. Жаңа жылда мерекелік көңіл күйге сай барлығы ерекше, барлығы өзгеше болғанын қалаймыз. Ол үшін шексіз қиял қажет. Ал біз мерекелік дастарқан әзірлеуге аздаған идея ұсынамыз.



Анарды тазартып аламыз.



Кивиді дөңгелек жіңішке етіп тураймыз.



Тәрелкеге жарты бананды қоямыз.



Тәрелкеге суретте көрсетілгендей кивиді орналастырамыз.



Тәрелкеге анарды қоямыз.



Киви дәнінен көз, жай ойып ауыз келтіріп сызамыз. Жемістерден жасалған көбелек дайын.



Бір алмұрт аламыз.



Алмұртты суретте көрсетілгендей етіп жартылай қабығын тазартамыз.



Жүзімді тіз тазалағыштарқа өткіземіз.



Жүзім өткізілген тіс тазалағыштарды алмұртқа бекітеміз.



Көзін жүзімнің дәнегінен, мұрнын жартылай кесілген жүзімнен жасаймыз. Жемістерден жасалған кірпі бейнесі дайын. Ас болсын!