Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде –заңды тұлға
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде –заңды тұлға туралы қазақша реферат
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшаау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:
1. ұйымдасқандық бірлігі;
2. мүліктік оқшаулығы;
3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы дербес балансын мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының 1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз.
Заңды тұлға – мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық — құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Азаматтық құқық қабілеттілігі – азаматтық құқықтағы дәстүрлі ұғым. Ол бойынша тұлғаның азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттер орындау қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Бірақ жеке тұлғаларға қарағанда, ұйымдар жөнінде айтқанда заң қандай да бір «іс әрекетке қабілеттілікті» сөз етпейді. Бұл «іс әрекетке қабілетті», яғни өздерінің іс әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болып, жүзеге асыруға, өздері үшін азаматтық міндеттер тудырып, оларды мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап орындауға қабілетті болып заңды тұлғалардың өздерінің мәнісімен туындаған. Сондықтан АК-тің 35 бабы тұрғысынан «құқық қабілеттілігіне» кеңейтілген түрде түсінік берілуге тиіс, өйткені оның мазмұнына іс әрекетке қабілеттіліктің барлық элементтері де кіреді.
АК-тің 35 бабының 1 тармағы жекелеген қызмет түрлерімен шұғылдануға шектеу мүмкіндігіне заңнамалық актілермен, сол сияқты құрылтай құжаттарымен жол берілетініне назар аударған жөн. Соңғысы заңды тұлғаның қатысушыларының өзі осы жоғарғы органмен тиісті шешім қабылдау арқылы (сонымен бірге құру кезінде, сол сияқты қызмет барысында – құрылтай құжаттарына өзгертуле енгізумен) әмбебап құқық қабілеттілігін арнау етіп өзгіртуі мүмкін. К.В. Мукашева атап өткендей, «мұндай шектеулер не аталмыш заңды тұлға үшін рұқсат етілетін қызмет түрлерінің жеткілікті тізімін белгілеу жолымен, не оның қаңдай да бір түрімен жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жолымен белгіленуі мүмкін».
Заңды тұлға сан алуан қоғамдық қатынастардың қатысушысы, құқық жүйесінің әр қилы салаларының субьектісі болғандықтан, оның құқық субьектілігіне көп салалы сипат тән болып келеді. Заңды тұлға мәртебесі арқылы ұйым әкімшілік, еңбек, азаматтық және өзге де құқық субьектіліктің ұстаушысы болуы мүмкін. Заңды тұлғаның мақсаттары мен жүзеге асыратын қызметтері арқылы оның құқық субъектілігін білуге болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз – бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан (АК-ның 1 бабы), ол құқық қабілеттігіне ие болуға тиіс. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап бір мезгілде пайда болатындықтан (АК-ның 42 бабының 3 тармағы) және таратылған сәтте (заңды тұлғалар мемлекеттік тркеуден заңды тұлғаның таратылуы туралы жазба енгізілген соң) тоқтатылады, заңды тұлғалар үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабілеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардың арнайы құқық қабілеттілігі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық құқықтары және өз қызметіне байланысты қолданыстағы заңдарға сәйкес (АК-ның 35 бабы) және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарын сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен, тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни,белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігімен, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез-келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтың міндетін де атқарады.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жоғары мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі, әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа да (құрылтай) қызметпен айналысуы шектеледі.
Ал, коммерциялық ұйымдар болса, арнайы құқық қабілеттілігі жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез-келген түрін жүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшелігімен дараланады.
Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілік көздеген Осы заңды тұлғалар тек жарғыда немесе құрылтай құжаттарында көзделген қызмет мақсаттарына сәйкес құқықтарға ие болып, мінндеттер атқара алады. Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңының 32 бабында көрсетілгендей, коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетін, оның құрылтай құжаттарында көзделген бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра алады. Яғни, коммерциялық емес ұйымның жарғысында осы ұйым атқаратын қызметтің мақсаты мен пәні көрсетілуі мүмкін.
Коммерциялық ұйымдар, керісінше, арнайы емес, жалпы құқық қабілеттілікке ие. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы ұйымдар заң актілерімен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрімен айналыса алады. Кейбір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін заң шектеуі мүмкін. Шектеу заңды тұлғаға тек белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рұқсат беру, не керісінше кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу арқылы білдіреді.
Мысалы, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті; тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайданылатын арнаулы бағдарламалық қамтамассыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы. Яғни, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоғарыда аталған қызметтерге жатпайтын өзге қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
Қызмет ету үшін міндетті түрде лицензия қажет болған жағдайда, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алғаннан бастап пайда болады. Соңғы жағдайда, мәселе құқық субъектісінің мәртебесіне ие болғандығында емес, лицензиялауға жататын қызмет саласында құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігінде болып тұр. Мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамассыз ету, айналадығы ортаны азаматтардың меншігін, өмірі мен деңсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады (АК-тің 10 бабы, 4 тармағы). Лицензиялауға жататын қызметтердің тізбесі «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген.
Азаматтық Кодекс 35 баптың 2 тармағында ұйымның лицензияланатын қызмет саласындағы құқық қабілеттілігі мұндай лицензияны алғаннан кейін пайда болып, оның алынуы, жарамдылық мерзімі өткен деп танылған сәтте тоқтатылады.
1963 жылғы Кодекске сәйкес заңды тұлға оның қызметінің белгіленген мақсаттарға сәйкес азаматтық құқық қабілеттілігіне ие болған фактіге назар аудару қажет деп есептейміз. Бұл ұйымдардың жарғыда (ережеде) белгіленген өздерінің қызмет мақсаттарына жауап беретін құқықтар мен міндеттерге ие бола алатынын білдірді. Заңды тұлғалардың арнаулы құқық қабілеттілігі қағидасының бұзылуымен жасаған мәмілелер ҚазКСР АК-тің 48 бабы бойынша жарамсыз болып танылады.
Қазақстандық азаматтық құқық жөніндегі әдебиетте коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің кеңеюін көбінесе 1994 жылғы АК-тің қабылдануымен байланыстырады.[17.117б] Бірақ бұл теріс кетушілік болар. 1992 жылғы 4 шілдедегі ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңының өзі ұйымының құқық қабілеттілігі тұрғысынан жаңа ережені бекітті: жеке кәсіпкер шаруашылық қызметтің кез келген түрлерін, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаса, олардың құрылтай немесе тіркеу құжаттарымен көзделген бе, жоқ па, соған қарамастан жүзеге асыра алады (аталған Заңның 13бабы, 1 тармағы).[16.26б]
Қазақстандық ғылыми әдебиетте осы орайда әртүрлі тұжырымдар айтылды. Мәселен, А.Т. Жүсіпов АК-тің 44 бабының 1 тармағына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, сондай-ақ ҚР Үкіметінің аталған Қаулысын талдай отырып, бұл актілер «мемлекеттік мекеменің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттілігін елеулі шектейді» деп атап өтеді. Бұл азаматтық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттік мекеменің оның құрылтайшысы – мемлекеттен жеткіліксіз жекеленуінен көрініс беріп, азаматтық айналымда дербес әрекет жасауға іс жүзінде мүмкіндік бермейді, өйткені тауар-ақша айналымында қатысу мәмілелерді олардың тіркеуінен кейін жарамсыз деп танитын мемлекеттің қатаң бақылауында жүреді, ең соңында мәміленің қазынашылық органдарында тіркелмегені жағдайында азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің алынып тасталуынан көрініс береді».
Өзінің талдауының нәтижесінде ол «азаматтық –құқықтық қатынастарындағы мемлекеттік мекемелердің құқық субъектілігін анықтау қажеттілігі жөнінде» қорытындыға келеді. Мемлекеттік мекемелердің артынан белгіленген құқықтардың кеңінен шектелгендігі, қатаң және дерлік тегіс қамтитын бақылауы кезінде мемлекеттік мекемелерді дербес құқық субъектілігімен үлестірмеген дұрыс болар, ал азаматтық-құқықтық қатынастарды ол өкілетті мемлекеттік орган беретін сенімхат негізінде жүзеге асыратын еді. Бұл азаматтық құқықтың өзге субъектілерінің мемлекеттік мекеменің шын мәніндегі құқық субьектілігі турасында теріс бағытқа кетпеуге мүмкіндік берер еді».
«Мемлекеттік тіркеу мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің құқық қабілеттілігін елеулі шектейтіндігін» атап көрсеткен И.С. Михалкин тілектес пікір айтуда. Осыған орай мемлекеттік мекемелердің қатысуымен азаматтық – құқықтық кесім-шарттарды мемлекеттік тіркеу онсыз да тіркеу оңай емес, көп жағдайда, мемлекеттің экономикалық айналымының қатысушыларымен қарым –қатынастарын қиындататынын атап кетуге болады».
ҚР Азаматтық кодексінің 37 бабына сәйкес заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Яғни, заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның органдары арқылы жүзеге асады. Бұдан біз заңды тұлғалардың азаматтық айналымға қатысу үшін құқық қабілеттілік пен қатар, әрекет қабілеттіліктің болуы қажет екендігін байқаймыз. Заңды тұлғада әрекет қабілеттіліктің болуы оның өз әректтері арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болуын, оны құрып жүзеге асырып және атқаруға мүмкіндіктерінің болуын көздейді.
Заңды тұлға органы – арнайы уәкілеттіліксіз басқа құқық субъектілерімен қатынасқа түсуде заңды тұлға мүддесіе білдіретін тұлғаны немесе тұлғалар тобын көрсететін құқықтық термин.
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз), өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы), не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін, заңды тұлғалардың жекеленген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға, үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК – ның 44 бабынының 4 тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Азаматтық Кодекстің 35 бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, оның қызметімен байланысты міндеттер атқара алады “Заңды тұлғаның органы ” ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әртүрлі пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский “орган оның еркін сыртта қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады” деп есептейді. Нақ өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне азаматтық міндеттемелер алады.
В.В.Даличскаяның пікірінше, “заңды тұлғаның органдары өзінде бар өкілеттіктерге сәйкес заңды тұлғаның еркін қалыптастыратын және білдіретін, оның қызметін басқаратын оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Заңды тұлғаның органдары – заңды тұлғаның заңнамаларына немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері”– бұл В.К.Мукашеваның көзқарасы бойынша.
Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әртүрлі негіздері ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен, өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша, сондай-ақ қызметінің мерзімдері бойынша жіктейді