Коммерциялық ұйымдар туралы кім біледі?
Коммерциялық ұйымдар - бұл тауарларды өндірушілердің қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын. Жекешелендіру процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі экономикасында қызмет ететін фирмалар. Әдетте олар кәсіпорынның бөлімшелері болып келеді. Олардың қызметі басшылық ұйымдардың бағынышында болады. Кей жағдайларда бұндай ұйымдарға табыстық және шығындық есептерін жүргізуге дербестік беріледі, бірақ жалпы кәсіпорынның нәтижесінің балансында көрініс табады. Оларды дербес заңды тұлға ретінде қарастыруға болмайды, сонымен қатар олар делдалдар да бола алмайды. Ұйымдармен сатып алу мен сату келісім-шарттары заңды түрде жасалмайды, бірақ бақылаушы кәсіпорын тарапынан бағынышты түрінде жүргізіледі. Қызметтерінің нәтижелеріне ұйымдарды құрған кәсіпорындар өз капиталдарымен жауап береді. Жиі олар сатып алу немесе сату құрылымдық бөлімдермен аталады, бірақ кей кезде құрған кәсіпорынның аталуынан элементтері бар арнайы аттарға ие болады. Бұларға мысалы қайта қалпына келген тоқыма және тігін кәсіпорындарын жатқызуға болады, өйткені олар өз меншігінен мамандырылған дүкендер құрады.