Маммологқа барудың себептері
Омырауын мезгілдік тексерістен өткізіп тұру әрбір қыздың әдетіне айналу керек. Ісік ауруларының ішіндегі ең бірінші орында омырау қатерлі ісігі тұрғанын жақсы білесіздер. Сондықтан жыл сайын маммологқа көрініп отырсаңыз, аурудың алдын аласыз.
омырау
Омырауды медициналық тексерістен өткізуге айтарлықтай себеп болмаса да, тексерту керек. Ауру бір жеріңізді мазаламайынша отыра беруге болмайды, алдын алу керек. Жылына бір рет маммологтың қабылдауында болуды әдетке айналдырыңыз. Арнайы маманға қаралуды қажет ететін төтенше себептерді есепке алмаңыз.
Етеккір келер алдында омыраудың қатқылданып, сүт безінің ауырсынуы басталып келе жатқан мастопатияның белгісі болуы мүмкін.
Омырауыңызды байқаусызда соғып алып, оған аса назар аудармай жүре беруіңіз мүмкін. Омыраудың жеңіл болсын, ауыр болсын, кез келген жарақаты аурулар туғызады.
Ойда жоқта болған түсіктер мен жасанды түсіктер (аборт) та сүт безінің қабынуына алып келеді. Жасыңыздан отыздан асса да, әлі бала тумаған болсаңыз, омырауыңызды тез арада тексертіңіз. Болашақ анаға міндетті түрде маммологқа көрінуі керек. Өйткені, екіқабат кезде ағзасы күрделі өзгеріске ұшырайды.
Егер сүт безіне өзгерту енгізу үшін ота жасатпақ болсаңыз да, маммологқа көрініңіз. Гормоналды дәрі-дәрмек қабылдау да маманға көрінуді қажет етеді.
Бала емізу кезінде сүттің түсіне мұқият назар аударыңыз. Төсіңіз ауырып, сүттің түсі мен қоюлығы өзгеріп, дене қызуы көтерілсе, дәрігерге жүгіргеніңіз жөн.
Сүт безінің түрлі ауруларға ұшырауына қан құрамындағы эстрогеннің көтеріліп кетуі әсер етеді.
Омырау үрпегіне (емшектің ұшы) мұқият қараңыз. Ауыру, түсінің, формасының, үрпек жиегінің өзгеруі, ұшынан сұйықтықтың бөлінуі – бұлардың бәрі сізді ойландыруы керек. Дәрігерге барыңыз.
Анаңыз жақтан туыстарыңыздың сүт безі ауралыр бар ма, жоқ па, сұрастырыңыз. Егер қатерлі ісікпен ауырған адам болса, сіз қауіпті аймақтасыз. Бұл ауру тұқым қуалауы да мүмкін.
Жақында ғана қырыққа толған мерейтойыңызды тойладыңыз ба? Ендеше маммалог досыңызға айналуы тиіс.