«СЫНБАЙТЫН» ЖАҢА СМАРТФОН ШЫҚТЫ

Motorola компаниясы Droid Turbo 2 экраны «сынбайтын» жаңа смартфон ұсынды, деп хабарлайды ВВС. Жаңа телефондар қазанның 29-ынан бастап сатыла бастамақ. Бағасы 624$. ShatterShield технологиясымен жабдықталған телефон дисплейі ішкі және сыртқы қабаттан тұрады. Қорғаныс мақсатында салынған сыртқы экранды зақымданған жағдайда ауыстыруға болады. Мамандардың айтуынша, мұндай экран смартфон өндірісіндегі үлкен серпіліске айналуы мүмкін. Motorola компаниясының мәліметіне сүйенсек, әлемде әрбір 2 секунд сайын бір ұялы телефоннның экраны сынады. Қымбат болғандықтан тұтынушылардың 63 пайызы смартфонын жөндеуден бас тартады екен. Motorola шығарған жаңа телефонға сегіз ядролы Qualcomm Snapdragon 810 процессоры орнатылған. Жады үш гигабайт. Сондай-ақ, телефон 21 мегапиксельді негізгі камерамен жабдықталған. Артқы камерасы 5 мегафиксельді. Өндірушілер аталған ұялы телефонның аккумуляторы «аралас» пайдалану режимінде 48 сағатқа жетеді деп уәде беріп отыр. Смартфон Android жүйесімен жұмыс істейді. Жаңа телефондар қазанның 29-ынан бастап сатыла бастамақ. Бағасы 624$.