Бауыржан Момышұлы өмірінің тарихи тізбесі
Хронологиялық тәртіп бойынша
1910 − 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 − Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924 − 3-сыныпта Шымкенттің 7 жылдық мектебіне ауыстырылады.
1928 − мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік дағдайына байланысты кері қайтады.
1928-1930 − бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932 − Қызыл Армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң,Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмысістейді.
1936 − Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.
1936 − Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 − әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 − Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады.
1941 − соғыс басталғанда 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.
1941-1945 − Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.
1942 − Бауыржан Момышұлының жауынгерлері мамыр айында Калинин майданында жауға ойсырата соққы береді.
1942 − 6 маусымда "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.
1944 − ауырғанына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.
1945 − 16 қаңтарда Алматыға келген Бауыржанды ғалымдарсоғыс туралы әңгіме-лекциясын тыңдауға шақыртып, кездесу өткізеді.
1946-1948 − Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.
1948-1950 − 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады.
1952 − Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіреді.
1953 − академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.
1950-1955 − әскери академияда сабақ беріп, тұрақты әскери қызметін атқарады.
1955 − әскери қызметтен босатылады.
1952-1956 − "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көреді.
1962 − Фидель Кастро батырды Куба жерінде көргісі келіп, арнайы шақырту жібереді.
1963 − күзде Куба үкіметінен қайта-қайта шақырту келе бергендіктен, 10 күндік сапармен барып қайтады.
1959-1966 − "Москва үшін шайқас", "Жауынгердің тұлғасы", "Майдан", "Майдандағы кездесулер", "Генерал Панфилов", "Төлеген Тоқтаров", "Куба әсерлері" секілді кітаптары жарыққа шығады.
1970-1975 − "Ел басына күн туса", "Ұшқан ұя" кітаптары жарық көреді.
1981 − "Адам қайраты" еңбегі дүниеге келеді.
1982 − 10 маусымда Алматыда дүниеден өтті.
1990 − Кеңес Одағның Батыры деген атақ беріледі.