А. Левшин. Қырғыз-қазақтардың мекендеген жері мен шекарасы
Құрметті оқырман, А. Левшиннің қазақтар туралы жазған зерттеу еңбегінің алғашқы бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл еңбек 1832 жылы жарық көрген. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты кітап қазақтар жөнінде алғашқы монографиялық еңбек. Тарихи құжат болғандықтан еңбекте кездесетін атауларды өзгертпей, солайша қалдыруды ұйғардық.
Мекендеген жері мен шекарасы
Нақты мәліметтер болмаған себебі бұл еңбегімізді жазу басынан-ақ қиын болды. Біз қырғыз-қайсақтар мемлекетінің жағрафиялық орналасуын көрсетіп, шекарасын сипаттап жазуға тиіспіз. Қалыптасқан ережелерге сәйкес аймақтың аумағы мен қанша шаршы миля (ескіше қашықтық санау) екенін көрсетуіміз керек.
Бірақ соңғы міндетімізден бірден бас тартамыз. Өйткені оқырманды өзіміздің ойымыздан құралған есепке негізделген шешім арқылы шатастырмайық дедік. Олардың тұрғылықты жерін тек көшпелі өмір салтын бағамдай отырып қана көрсете аламыз. Қырғыз-қазақ ордасының батыс пен солтүстіктегі шекарасын анықтау қиын емес: бұл жақта Каспий теңізінің бір бөлігімен және қатарласқан орыстың әскери бекіністері орналасқан. Дәл осылайша шығыс жағында да Қытай иеліктерімен шектеседі. Ал оңтүстіктегі шекарасын қалай анықтаймыз? Біз тек өзіміздің ойымызбен ғана оңтүстік шекараны белгілей аламыз. Өйткені қырғыз-қазақтардың өздері де, көршілес жатқан оңтүстік көршілері де жерлерінің шектесіп жатқан тұсын білмейді. Барлық ақпараттарды саралай келе мынадай координаттарды шығардық. Солтүстіктегі шекара нүктесі 55° Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында, Омбы бекінісінің маңында. Оңтүстіктегі көшпелі жұрт ары кетсе 42° мекенінен алыстамайды. Батыстан шығысқа дейін 68° бастап, 102° дейінгі аралықта.
Олардың солтүстіктегі шекарасы (шығыстан батысқа бара жатқанда) алдыменен Алтай тауының бір бөлігінен басталады. Кейін Ертіс өзені арқылы Тобыл өзеніне немесе Бағылан бекінісіне (Звериноголовск) «Ащы белдеу» атанған аймаққа дейін жалғасады. Бағылан бекінісінен Ой өзеніне дейін. Ары қарай Орал арқылы Спасск форпостынан Орынборға жетер-жетпес жерге дейін. Одан бастап Бердянка, Елек өзендері тағы Оралменен шектеседі.
Батыс шекарасы Орал мен Каспий теңізінің бір бөлігі. Қырғыз-қайсақтар оңтүстікте түркімендермен, хиуалықтармен, ташкенттіктермен, түркістандықтанмен және жабайы қырғыздармен жаңасады. Шығыс шекарада Кіші Бұхарадан Ресейге дейін созылған Қытай қорғанысының шебіне дейін.
Бірінші бөлімнің соңы.
А. Левшин.
«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы»
Аударған Рүстем Нүркен