Анекдоттар. Қыз бен жігіт туралы әзілдер
Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп сұрайды"
Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз".
*****
Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.
********
Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым!
*******
Анасы қызына ақыл айтып отыр.
- Қызым, сен әлгі жігітке тұрмысқа шығушы болма! Мені жалғыз тастап кетемісің?
- Оған бола қам жемеңіз, апа! Мен сізді сағындырмай, тез арада қайтып келемін – депті қызы.
*****
- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына.
- Неге?
- Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды.
- Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді.
*******
Екі келіншектің әңгімесінен.
- Менің бір ақын сіңлім бар еді. Жақында өзін үнемі сынап, жақтырмай жүретін бір сыншы жігітке күйеуге шықты.
- Өшін алайын деген шығар...
********
Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр:
- Анау «Мерседестің» жанында телефонмен сөйлесіп тұрған әдемі жігітті көрдің бе? Мен оны миллионер жасадым ғой.
- Ол жігітті жақсы білемін. Маған дейін ол жігіт миллиардер болатын.
******
- Қызым-ау, сен ол жігітке тұрмысқа шықпай-ақ қойшы. Өзі ақсақ, басы таз, көзі қыли ғой!
- Шеше, маған оның сұлулығы керек емес! Адамдығы болса, болды.
- Мен ондай мағынада айтып тұрған жоқпын. Ол сенсіз де өмірде көп зәбір көрген екен.
*****
Қыз бен жігіт кинотеатрда махаббат туралы фильм көріп отыр. Қыз:
- Қалай ойлайсың, бұл екеуі соңында үйлене ме?
- Әрине! Барлық кинолар осындай трагедиямен аяқталады ғой...
*******
Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар?
- Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...
*****
- Сәке, сен өткен жолғы қалыңдығыңа үйлендің бе?
- Жоқ, ол маған кедейсің деді.
- Сенің бай ағаң бар емес пе? Соны неге айтпадың?
- Айттым ғой.
- Иә, сонымен...
- Енді ол менің жеңгем.
******
Сұрақ:
- Қыз балаларды неге әскерге шақырмайды?
Жауап:
- Өйткені олар "Жатыңдар" деген команданы дұрыс орындамайды.
******
Бүйте берсе...
Жалаңаш қалып қыздардың қарындары,
Ышқырлары төмен қарай түсіп барады.
Бүйте берсе бір күні,
Шалбарлары шешіліп, түсіп қалады.
******
Бір немістің баласы әкесіне келіп:
- Мен сіздің батаңызды алып, үйленсем деп едім.
- Кімге?
- Яшаға.
- Не,не? Не деп сұрап тұрсың?
Мен дұрыс естімей тұрмын ба?
- Жоқ, дұрыс естіп тұрсыз. Мен Яковпен отбасын құрайын деп едім.
Ашуға булыққан әкесі:
- Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе?! Әлде есіңнен адасып қалдың ба?! Яков – еврей ғой!
****
Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
- Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
- Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...
*********
Ері мен әйелі
әңгіменің мәйегі.....
Үйленбей тұрып.
Жігіт: Ура! Ақыры бұл күнге де жеттім-ау!
Қыз: Мүмкін, мен кетермін?
Жігіт: Жоқ ,тіпті де олай емес!
Қыз: Сен мені сүйесің бе?
Жігіт: Әрине!
Қыз: Сен менің көзіме шөп салып па едің?
Жігіт: Жоқ, сен қалайша мұндай ойды ойлайсың?!
Қыз: Мені аймалайсың ба?
Жігіт: Иә!
Қыз: Мені ұрасың ба?
Жігіт: Ешқашанда!
Қыз: Саған сенуге болады ғой?!
Үйленгеннен кейін, осыны төменнен жоғары қарай оқыңыз
******
- Бұрын әйелдер ертелі-кеш ерлерінің атын атамай, «Біздің үйдің кісісі», «Әкесі», «Отағасы» деген екен.
- Қазіргі әйелдер де ерлерінің атын атамай; «Албасты», «Малғұн», «Сұмырай», «Алқаш», деп шұбыртатын болды ғой.
*******************
Бұрынғы әйелдерге туған күніне етік әперем десең, шаттанатын. Ал , қазір «Жигули» әперем десең;
- «Жигули?». Неге иномарка е-емес?! – деп, талып қалады.
***************
- «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген
Мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен
ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.
*************
Жас жұбайлардың жылдық жаңалықтары: бірінші жыл - ері сөйлейді, жұбайы тыңдайды. Екінші жылы - әйелі сөйлейді, шалы тыңдайды. Үшінші жыл - екеуі де сөйлейді, көрішлері тыңдайды.
*****
Бір үйге түскен келіннің атасының аты Қасқырбай, енесінің аты Жібек екен.
- Атаңның аты кім?
- Атамның аты Волк.
- Енеңнің аты кім?
- Енемнің аты шелк, - деген екен.
******
- Сен кімсің?!
- Ұйқыдағы арумын!
- Түрің неге сонша қорқынышты?
- Оянғаным жаңа ғана!
*****
Еркектер 8- ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.
*****
Жылдағы екі күнді – 1 қыркүйек пен 8 наурызды гүл сатушылардың мерекесі әрі берекесі деуге болады.
*******
Егер еркек киетінім болмай тұр десе, онда оның таза киімдерінің біткені.
Егер әйел киетінім болмай тұр десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны.
*******
- Кеше бірінші рет сүйген қызымды футболға ертіп бардым.
- Нәтижесі қалай?
- Бірінші таймда тәп-тәуір жүргенімен, екінші таймда шаршап қалды.
*****
Бір қыз агент арқылы суретші жігітпен сөйлесіп отыр:
- Ой, мына жібергеніңіз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едім.
- Кешіріңіз, қарындас, бұл менің суретім ғой.
*****
"Кез келген адамның ішінде дарын мүлгіп жатады дейді. Ооо, не деген маубас еді?!
****
Арманның жүзеге аспағаны қанша,
ал жүзеге аспайтыны одан да көп.
****
Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.
****
Алдымен махаббат уақыт өлтіреді,