Жаңажылдық ойындар

Сұрақ-жауап
Ойынның шарты өте оңай. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Қыздар мен жігіттер аралас отырса, қызығырақ өтеді. Сұрақтар мен жауаптар көлемдері бірдей кәртішкелерге (қатты қағаз болса тіпті жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. Бірінші ойыншы сұрақтары бар кәртішкенің біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі жауаптары бар кәртішкенің біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» – деген кәртішкені оқыса, қызға: «Бұл менің сүйікті ісім» - деп жауап беруге тура келуі мүмкін.

Сұрақтар:
Егерде сүйікті адамыңыз көзіңізге шөп салса не істер едіңіз?
Сіз үнемі осындай дөрекісіз бе?
Әйелдерді (ерлерді) сыйлайсыз ба?
Үнемі жақсылық ойлайсыз ба?
Жүрегіңізде маған орын бар ма?
Сіз мені ұнатасыз ба?
Бұзақылық жасағаныңыз үшін ұяласыз ба?
Сыйлық жасағанды ұнатасыз ба?
Өмірде жіберген қателіктеріңіз үшін өзіңізді жазғырасыз ба?
Сіз қызғаншақсыз ба?
Көңілдесіңіздің болғанын қалайсыз ба?
Күйеуіңізді (әйеліңізді) сүйесіз бе?
Автобустарда билетсіз жүресіз бе?
Бәріне дайынсыз ба?
Төсектен жиі құлайсыз ба?
Біреудің хаттарын оқығанды ұнатасыз ба?
Ыңғайсыз жағдайға жиі тап боласыз ба?
Күйеуіңізбен (әйеліңізбен) шын ниетіңізбен сүйісесіз бе?
Ішімдіктен мас болатын күндеріңіз бола ма?
Өтірікті жиі айтасыз ба?
Бос уақытыңызды құрбы-құрдастарыңызбен көңілді өткізесіз бе?
Өзіңіздің іс-әрекетіңізде дөрекілік көрсетесіз бе?
Дәмді тағам дайындағанды ұнатасыз ба?
Өзіңіз сүйетін адамға жамандық жасай аласыз ба?
Бүгін мас болғыңыз келе ме?
Күнәһарсыз ба?
Айлы түнде қиялдағанды ұнатасыз ба?
Сыйлық алғанды жақсы көресіз бе?
Көршіңіздің саяжайынан таңқурай (малина) ұрлайсыз ба?
Ішімдік ішкенде басыңыз айнала ма?
Жалқаулығыңыз жиі ұстай ма?
Махаббатты ақшаға сатып ала аласыз ба?
Басқаны күлкі қыла аласыз ба?
Менің фотом керек пе?
Құмарту сезіміне жиі душар боласыз ба?
Ет жегенді жақсы көресіз бе?
Махаббаттың азғыруына берілесіз бе?
Ақшаны қарызға жиі аласыз ба?
Басқа біреудің ұнатқан жігітін (қызын) еліктіріп көрдіңіз бе?
Тыр жалаңаш шомылғанды ұнатасыз ба?
Үйленген (тұрмыстағы) адамның көңілін (ниетін) өзіңізге аудара аласыз ба?
Сіз ылғи осылай көп тамақ жейсіз бе?
Менімен танысқыңыз келе ме?
Арыңыз таза ма?
Басқа біреудің төсегінде ұйықтап көрдіңіз бе?
Әңгімені көңіл қойып тыңдайсыз ба?
Жұбайыңызға деген көңіліңіз таза ма?
Сіз қызуқандысыз ба?
Дүйсенбі күні тұздалған қияр жегенді ұнатасыз ба?
Спортпен шұғылданасыз ба?
Менің көзіме қарағанды ұнатасыз ба?
Ваннада жиі жуынасыз ба?
Стриптизге деген көзқарасыңыз қалай?
Өз жұмыс орныңызда ұйықтап кететін күндер бола ма?
Сіз қорқақсыз ба?
Ұйықтағанда қорылдайсыз ба?
Ұнататын адамыңыздың алдында қолыңыздан келмейтін нәрсеге уәде беретін әдетіңіз бар ма?
Жақсылап тамақтанғанды ұнатасыз ба?
Көп алдында сүйіскенді ұнатасыз ба?
Өзіңіздің жұмыс істеу қабілетіңізді арттырып тұрасыз ба?
Бөтен үйде адасып көрдіңіз бе?
Ішімдікті ұнатасыз ба?
Көшеде танысқанды ұнатасыз ба?
Өз темпераментіңізді жиі білдіресіз бе?
Егер мен сізді дәл қазір сүйіп алсам не дер едіңіз?
Түске дейін ұйықтағанды жақсы көресіз бе?
Сәнді киінгенді ұнатасыз ба?
Құпияңыз көп пе?
Күнәға батуға бейімсіз бе?
Милиционерден қорқасыз ба?
Мен сізге ұнаймын ба?
Сүйген адамыңызға тек қана шындықты айту керек деп ойлайсыз ба?
Егер екеуіміз жеке қалсақ не істер едіңіз?
Өзіңізге өзіңіз ие бола аласыз ба?
Қонаққа барғанды жақсы көресіз бе?
Салмақты тез қосасыз ба?
Жұмыстан жиі сұранасыз ба?
Түн ішінде менімен орман ішінен өтер ме едіңіз?
Сыраны жиі ішесіз бе?
Басқа біреудің жұмысына араласқанды жақсы көресіз бе?
Махаббат деген әуеске көңіліңіз ауып тұра ма?
Өз жасыңызды құпия ұстайсыз ба?
Сүйікті адамыңыз сізді жиі қызғанта ма?
Өтірік күлетін кездеріңіз бола ма?
Бастығыңызға жағымпазданасыз ба?
Түрмеден қорқасыз ба?
Сүйіктіңіздің қалтасын жиі қағып тұрасыз ба?
Үстел үстіне шарапты жиі қоясыз ба?
Қарым-қатынасты жұдырық көмегімен шешкен күндеріңіз болды ғой?
Бұрынғы сүйген адамдарыңызды жиі еске аласыз ба?
Біреуді аяқтан шалған кездеріңіз болды ма?
Достарыңыздың көңілің қалдырған кезіңіз болды ма?
Ұрысқақ мінезіңізді сүйген адамыңызға көрсетіп үлгердіңіз бе?
Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?
Сүйіктіңіздің ұялы телефонын жиі тексересіз бе?
Оңаша шығуға қалай қарайсыз?
Отбасынан табысыңызды жасыратыныңызды жұбайыңыз әлі сезген жоқ па?
Ұрысқанда былапыт сөздерді жиі айтасыз ба?
Үкіметке қарсы ойларыңызды жиі білдіресіз бе?

Жауаптар:
Мен өз өмірімді онсыз да жақсы елестетемін.
Мен саяси сұрақтарға жауап бермеймін.
Әсіресе басқа біреудің есебінен болғанын қалаймын.
Тек жалақы алатын күні.
Жоқ, мен өте ұяң адаммын.
Өзімнің беделімді түсіріп алмау үшін, жауап беруге қиналамын.
Тек әлсіздік сезінген кезде.
Үйден жырақта байқап көруге болады.
Өзім білмеймін, бірақ басқалардың айтуынша солай.
Бұл менің сүйікті ісім.
Тек мұнда емес.
Мені ыңғайсыз жағдайға қоймауыңызды өтінемін.
Мас емес біреуден сұрасаңыз.
Неге болмасын? Керемет ғанибет емес пе!
Менің қызаруым – ең айқын жауап.
Тек тынығып алған кезде.
Жастық шақ әлдеқашан өтіп кеткен.
Куәгерлер жоқ жерде әрине болады.
Мұндай мүмкіндікті жіберуге болмайды.
Мен оны төсекке жатқанда айтамын.
Мұны байқап көруге болады.
Егерде мұны қазір жасауға болса, әрине.
Жұмыста келеңсіз жағдайларға тап болған кезде ғана.
Төсекке жатқым келіп тұрған кезде ғана.
Егер де менен жақсылап өтініп сұраса.
Сағаттап, әсіресе қараңғыда.
Жүз грамм жұтып алғаннан кейін.
Ондайды қазір менің қалтам көтермейді.
Бір рет жасап көріп ем, түк шықпады.
Әрине! Бұл менің қолымнан келетін іс.
Сайтан алғыр! Қалай дәл таптың.
Негізінде олай емес, төтенше жағдайда болуы мүмкін.
Ылғи мас болған кезімде.
Тек сүйіктімнен алыста болғанда.
Бұны кешке кездесуге шақырғанда айтамын.
Сол туралы ойдың өзі мені шабыттандырады.
Тек түнде ғана.
Тек жақсы ақы берсе ғана.
Егер де ешкім көрмей тұрса.
Бұл жарасымды ғой.
Енді әрекет жасау керек қой.
Басқа шешімі жоқ болса.
Үнемі, жақсылап ішкенде.
Кімнің басынан өтпеген жағдай дейсің!
Осыдан басқа сыпайырақ сұрағыңыз бар ма?
Ол менің қалтамдағы ұсақ тиынның барлығына байланысты.
Ол менің қалтамды қақпаса болды.
Мен сондай адамға ұқсаймын ба?
Оған мен бала кезімнен әуеспін.
Сүйіктімнен сұрап көрейін.
Бұл менің өмірімдегі ең жарқын сәттер десем болады.
Түні бойы болса да.
Сенбі күндері онсыз болмайды..
Бір-екі рюмкасыз ол туралы айта алмаймын.
Тек таңертең бас жазарда.
Бұл менің бұрыннан армандап жүргенім емес пе!
Менің арым бұл сұраққа жауап бергізбейді.
Бәрі жағдайға байланысты.
Ес-түссіз! Бар ынтаммен.
Әдептілікке жататын болса.
Әрине, онсыз болмайды ғой.
Бұл менің өмірімнің негізгі мақсаты.
Иттің етінен де жек көремін.
Мұндай мүмкіндіктен ешқашанда бас тартпаймын.
Бүгінде ол күнәға жатпайды.
Неге болмасқа, қорқыныш жоқ болса.
Менің қолымнан одан да зоры келеді.
Бұл менімен қонаққа барғанда жиі болатын жағдай.
Тек компанияда.
Үнемі емес. Бірақ жиі.
Иә, егер қажет болса.
Әртүрлі жағдай болады, мен де пендемін ғой.
Жоқ, мен текті елдің баласымын.
Тек бөтен біреудің төсегінде оянғанда ғана.
Сіз оны елестете де алмайсыз да.
Кейіннен жағдай ушығып кетпесе ләйім.
Мені бұдан басқа проблемалар көбірек мазалайды.
«Иә» деп те айта алмаймын, «жоқ» деуге де болмайды.
Ақкөңіл адамбыз ғой. Бірақ шынайы жауап бере алмайтын сұрақтар қойған дұрыс емес.
Бүгін мен ол туралы сөз қозғағым келмейді.
Бұл жағдай қиынға апарып соқса да келісемін.
Тек басқа амалым қалмағанда ғана.
Ешкімге айтып қоймаңыз.
Күніне бірнеше рет.
Әсіресе, түнде.
Өлсем де айтпаймын.
Қарсы емеспін.
Қонақ күткенде.
Әрине, әйтпесе қызық емес қой.
Бұл құпия, өзгенің білгенін қаламаймын.
Бұл мен үшін ыңғайсыз тақырып.
Үйден қуып жібергенде.
Түнде, көрпенің астында.
Ондайды жиі армандаймын.
Сол да сөз боп па?
Иә, мен сондаймын. Шыдайсың ба?
Астапыралла, оны қайдан біліп қойдыңыз?
Жыным ұстағанда.
Ондайды суқаным сүймейді.

«Шындық әуе шарлары»
Бұл ойын үшін екі жиынтық кәртішкелер дайындаңыз: біреуі сұрақтары бар, ал екіншісі жауаптармен. Жауаптар жазылған кәртішкелер әуе шарларының ішіне салынады. Сұрақтар жазылған кәртішкелер қорабшаның ішінде араластырылады. Той иесі сұрақ жазылған кәртішкені алып оқиды да, бір әуе шарын жарып оның ішіндегі кәртішкеден жаңағы сұраққа жауап оқиды.
Жауаптар кез келген сұраққа сәйкес келетін болу керек, сұрақтар мен жауаптар саны бір-біріне сәйкес болу керек.

Сұрақтар:
Сүйетін адамыңыздың қызғаншақ мінезі сізді қинай ма?
Өзіңіз қаламағанмен күлуге тура келген кездеріңіз болды ма?
Бастығыңызға мақтау сөздер айтасыз ба?
Түрмеден қорқасыз ба?
Дастарханыңызда шарап жиі тұра ма?
Мәселені жұдырықпен шешу әдетіңізде бар нәрсе ме?
Ішімдіктерді ұнатасыз ба?
Эротикадан көңіл күйіңіз көтеріле ме?
Кезіңде өзіңізге ғашық болған жандарды есіңізге аласыз ба?
Автомобиль ұтып алуды армандайсыз ба?
Біреудің өкшесін жиі басасыз ба?
Достарыңызбен жиі сөзге келіспей қаласыз ба?
Сүйіктіңізді қызғанасыз ба?
Мінезіңіздің айналаңыздағы адамдарға ауыр тиетін күні бола ма?
Тамақ ішкеннен көңіліңіз көтеріле ме?
Ақымақтық жасағанды ұнатасыз ба?
Сүйген адамыңыз туралы жиі ойлайсыз ба?
Маңдай теріңізбен тапқан ақшаңызды ұсақ-түйекке бола шашасыз ба?
Америкаға кеткіңіз келе ме?
Жалақыдан тыс ақшаңызды әйеліңізден тығып қаласыз ба?
Сөйлегенде боқ ауыз сөз айтасыз ба?
Бір көргеннен ғашық болдым дегенге сенесіз бе?
Жұмыстан шаршайсыз ба?
Үкіметті жамандайсыз ба?
Игілікті іс атқарасыз ба?
Шыдамды, инбаттысыз ба?

Болжамды сұрақтар:
Болған емес, болмайды да.
Куәгерлер жоқ жерде сөйлесейік.
Менің мінезімді біле тұра мұндай сұрақ қойғаныңыз дұрыс емес.
Менің көңіл сүйіндіретін нәрсем.
Тек жүйкем құрып тұрғанда болмаса.
Әрине, үнемі.
Тек қана түнде болады.
Күніне бірнеше рет.
Ылғи төсекке жатар алдында.
Одан азап шеккенім де болды.
Ұйқыдан жаңа оянып, байпағымды кигенде.
Мейрамханада ғана.
Қинасаңыз да айтпаймын.
Бұ менің хоббиім.
Күніне бір рет, одан рахат аламын.
Бірде болған жағдай.
Үйге қонақтар келген уақытта.
Әрине, онсыз өмірдің қызығы жоқ қой.
Онсыз болмайды.
Бұл менің құпиям, ол туралы басқа біреулердің білгенін қаламаймын.
Қасымды күйеуім (әйелім) жоқ кезде.
Үйден қуып жіберген кезде.
Бұл туралы сөз қозғағанды ұнатпаймын.
Туыстарым көрмеген кезде.
Түнде көрпенің астында жатқанда.
Тек ойымда ғана.