Еңбек бөлінісі

Факторлары Бұл факторлардың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсету жөн:

табиғи қазба байлықтар көзінің болуы;
ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері;
жергілікті халықтың интеллектуалдық деңгейі.
Осы факторлар жергілікті өндіргіш күштер әлеуетін сипаттап қана қоймай, оған қоса сол аумақтағы шаруашылықтың даму болашағы мен құрылымына да үлкен әсер етеді. Айтылғандарға көрнекілік сипат беретін болсақ, онда оны 1-ші сурет арқылы келтіруге болады.

Қарама-қайшылықтар[өңдеу]
Сонымен бірге, еңбек бөлінісінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтар да жоқ емес, олардың бірқатары мыналар:

аймақтарда табиғат ресурстарының орналасуы мен оның салалық құрылымында;
халықтың аумақта орналасу ерекшелігі мен жаңа жұмыс орындарының географиялық орналасуында;
аймақтың салалық мамандануы мен оның аймақтық жүйе ретіндегі кешенді дамуында;
ұлттық табыстың аумақтық өндірісі мен оның географиялық пайдаланылуында;
салалардың экономикалық мүдделері мен аймақтардың әлеуметтік сұраныстарында және т.б.
Дамудың басты бағыттары[өңдеу]
Осылайша, нарықтық экономикаға көшуге байланысты қоғамдық өндіріс дамуының аумақтық факторларын күшейтпейінше, интенсивті экономикалық өсуге қол жетпейтіні белгілі. Сондықтан еңбектің жоғарыда аталған аумақтық және салалық бөлінісі мынадай басты бағыттарға негізделуі шартты болып табылады:

салалық өндірісті аумақтың шикізат, энергия және еңбек ресурстарына жақындастыру негізінде өндірістік күштерді орналастыру;
экономикалық мақсатқа лайық салалық өндіріс сфералары қарым-қатынасы тиімді болуы үшін өндірісті тұтынушыға жақын орналастыру;
аймақты мамандандыру және олардың алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешудің материалдық негізі ретінде өндірісті және оның жеке салаларын аумақтарға шоғырландыру;
аймақта (қалада, ауданда, ауылда) шикізатты дайын өнімге дейін жеткізетін өндірісті комбинациялау.
Осыдан келіп, еңбектің аумақтық бөлінісі аймақ өндірісінің басты тетігі ғана емес, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын қуатты фактор болып табылады деп қорытынды жасауға болады. [1]