Тауар дегеніміз не?

Тауар

1) қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі 2) қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны. Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Тауаратқарымдық мақсатына, беріктігіне, төзімділігіне, пайдалануға қолайлылығына, сыртқы түрінің тартымдылығына, буып-түйілуіне, қызмет көрсетілуіне, кепілдіктеріне, бірге жіберілетін құжаттары мен нұсқаулықтарына, Тауарб. ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Аукционлық Тауар, биржалық Тауар, ақшалай Тауар, тұтынушылық Тауар, қолда бар Тауар, көпшілік қолды Тауар, арзанқол Тауар, төменқол Тауарөтімді Тауар, еркін айналыстағы Тауар, стандартталған Тауаримпорттық Тауар, экспорттық Тауар, стратег. Тауар, отандық Тауар, шетелдік Тауар, Тауар б. түрлерге бөлінеді. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін;

3) кеден құқығында – мемлекет немесе кеден шекарасы арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу энергиясын беретін мүлік, энергияның басқа да түрлері, көлік құралдары (халықар. жолаушы және жүк тасымалы үшін пайдаланылатын құралдарын, сондай-ақ контейнерлер мен басқа да көлік жабдығын қоспағанда). Тауардың қозғалыс бағытына қарай экспорттық, импорттық немесе транзиттік болуы мүмкін. Кеден шекарасы арқылы өткізілу мақсатына қарай коммерциялық және бейкоммерциялық, контрабандалық Тауарболып бөлінеді.[