Фирма термині
Фирма (итал. firma — қойылған қол) — пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.[1][2][3]