Сұраныс және ұсыныс заңы
Сұраныс және ұсыныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.
Мысалы:
1) күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2) әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы: сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген дағдайда ғана алады.
3) сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.