Сөздің көп мағыналылығы қай стильге тән ? Мәтін құрастырып т

Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — Қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.Сөздің көп мағыналыры жалпы халықтық ауыс мағынаның негізінде жасалады. Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қол-данылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері — көркем шығарма яғни көркем әдебиет стилі.
Әжесі тірі болған күндері Асан баққытты болатын. Қиын кездері әжесі Асанға өзінің ақылын айтатын, енді ол әжесінің де жарық күнібатты. Сізді мен күткемін, ол кезде сіз үшін кіммен болса да, кетісуге шыдағамын. Бірақ ол күндер өтті.
Бұл үзіндідегі көз және күн сөзінің екеуі де көп мағыналы. Екеуінің осылай түрлі-түрлі мән алуы көбінесе көркем әдебиет стилінің табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені, жазушы мұнда әрбір тілдік құбылысты белгілі бір көркемдік мақсатта қолдануға тырысады. Ал ондайға әдетте көп мағыналы сөздер бейімірек. Мы-салы, жоғарыда келтірілген көз сөзі әуелі адам деген ұғымды, одан соң таныс мағынасын, соңғы сөйлемде ел (жұрт) мәнін білдіріп түр. Көз есімінің әр алуан мағынасын осылай түрліше ыңғайда пайдалану — жалпы сөз қайталаудан қашқандық. Көп мағыналы күн сөзінің стильдік қолданылу аясы бұдан да әр тарап. Соны авторлар көркем әдебиет стилінде өте шебер пайдаланады. Ілгерідегі мысалда күн сөзі кез, уақыт (шақ) мәнінде алынған. Бірақ стильдік жатықтығы жағынан әжесі тірі болған кез (уақыт) деуден гөрі әжесі тірі болған күн деген ұтымдырақ. Сондай-ақ қайғысыз, қамсыз шағы (кезі), ол кез (ондайга бел байлаған кез), ол уақыт дегенге қарағанда, үмітті жарық күні, ол күндер (өтті) деп алғанның көркемірек екенін, стильдік жағынан ұтымдылығын оңай байқауға болады. Әсіресе күн есімінің көп мағы-налылығы сөйлеу стилінде, өте-мөте көркем әдебиет стилінде жан-жақты көрінеді.