Стиль сөзі туралы әр ғылым саласында айтылған анықтама , ере
Стильді әдебиеттану ғылымы тұрғысынан эстетикалық категория ретінде қарастырғанда, оны шығарманың тұтас құрылымымен, бүкіл болмысымен қарастыру бірден бір дұрыс жол. «Стиль - суреткер талантының даралық қуатын көрсететін сапалық белгі» [3, 202] екенін ескерсек, стиль мәселесін сөз еткенде көркем туынды тұтастай назарға алынбақ.Стиль туралы мәселені қарас-тырғанда, тақырып пен мазмұнды, көркем бейнелер жүйесін, композицияны назарға алу кең орын алғанын айта кету керек. Яғни стильді поэтикалық тұрғыдан зерттеуді қуаттаған ғалымдар еңбегі баршылық. Олардың қатарында: В. Виноградов, М. Бахтин, А. Чичерин, А. Соколов, Г. Поспелов, Л. Тимофеев, В. Ковалев т.б. еңбектерін атауға болады. Бұлардан басқа да стиль мәселесіне арналған еңбектер баршылық. Сондай-ақ, М.Я. Поляков та стиль мәселесін әдебиеттану тұрғысынан зерттеп, оның жанрға жалпы көркемдік жүйеге қатысын сөз қылады. Поляковтың ұстанымы «стиль дегеніміз – ізделіп отырған шама, ал, мәтін - шындық» [4, 88] дегенге саяды. Яғни көркем мәтіннің бүкіл табиғаты, оның ерекшелігін тану стильмен байланысты.
«Шығарманың көркемдік бейнелеу түрі стиль қасиетіне ие болады. Шығарма мазмұны өз-өзінен стиль болмайды және стильге кірмейді де», - дейді Г.Н. Поспелов [5, 70]. Теориялық тұжырымдар мен пікірлерге назар салсақ, стильді ең әуелі экспрессивті мағына үлесіне тиетін және белгілі бір сапаға ие болған форма жүйесі ретінде түсіндіреді. Сол арқылы суреткердің даралығы көрінеді деп біледі. Көптеген тұжырымдарда стильдің ішіне композицияны да кіргізетінін айтып өткенбіз. «Поэтикалық тіл» анықталған композицияның бөлімі ретінде қабылданады. Нәтижесінде стиль жалпы категория ретінде өзіне композицияны да, стилистиканы да қосады. Сондықтан әрбір поэтикалық лексиканың ерекшелігі «эстетикалық нысанның барлық компози-циялық сипатының ескерілуімен құры-лады».В.В. Виноградовтың бұл пайымы әдебиеттегі стильді қалай анықтау керек деген сұраққа бір жауап. «Стиль әдіске де, дүниетанымға да, суреткердің жеке басы мен жазу машығына да, өз дәуірі жөніндегі ұғымы мен өз шығармашылығының ұлттық сипатына да бірдей қатысты. Стиль - әлгі айтқан пікірлердің кемел тұтастығы» деген пікірді А. Григорян айтады. Б. Храпченко «Стильді көркем бейнелер арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің амалы, оқушыны әрлендіру мен иландырудың жолы деп түсінген жөн. Әдісті мазмұнмен теңестіруге болмайтыны сияқты көркем бейне арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің идеялық, эмоциялық ықпал етудің амалы ретінде қарастырылатын стильді де шығарманың түрімен шатастыруға болмайды» деген тұжырымға келеді. Стильге қатысты ой-тұжырымдардың қай-қайсысы да айналып келгенде, сөздің бейнелі әрі көркем түрде қолданысына келіп тіреледі. Көркем әдебиеттің басты негізі – сөз болса, сөз қолданысының әрбір суреткердің даралығын байқатар қыры стиль ауқымына қатысты.