Бірге , бөлек жазылатын күрделі сөздерге сөз мәдениеті тұрғы

Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестік орыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді.
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР 1. Күрделі атаулардың (мемлекет, облыс, аудан, мекеме, ұйым, ірі уақиға аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Қазақстан республикасы, Президент кабинеті, Қазақстан республикасының Президенті, Орта Азия, Кіші Азия, Америка Құрама Штаттары. 2. Сөз тіркестері, идиомалық, фразалық тіркестердің әр сездері бөлек жазылады: үлкен бөлме, ит өлген жер, тонның ішкі бауындай, адым жер, қозы көш жер т. б. 3. Күрделі зат есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі сан есімдер, күрделі етістіктер, құранды етістіктер, күрделі үстеулер мен шылаулар бөлек жазылады: асықты жілік, қызыл ала, он бес, кіріп шық, қызмет қыл, ертеден қара кешке, сондықтан да т. б.
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР. Біріккен сөздер бірге жазылады: 1) Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтамай, бір-бірімен жымдасып кеткен кіріккен сөздер бірге жазылады: бүгін (бүл күн), биыл (бұл йыл) (жыл), әкет (алып кет), апар (алып бар), білезік (білек жүзігі), әкел (алып кел), сөйтіп (солай етіп), күндіз (күннің жүзі), қайны (қайын іні), кекілдірік (кекілге ілдірік) т. б. Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтап біріккен сөздер бірге жазылады: қоянжел, жыланкөз, көкдәрі, қылтамақ, түйетабан, ұлтабар, шоқайна, қонақжай т. б. Біріккен сөздердің бұл тобына түрлі саладағы сөздер жатады: а) ғылымның түрлі салаларына байланысты терминдер: көпбұрыш, шикізат, оттегі, келіссөз, сутегі; ә) жан-жануар, өсімдік атаулары: алақұрт, ақшұнақ, қосаяқ; б) құрал-сайман, ойын, тұрмыстық, жабдық атаулары: шаңсорғыш, еттартқыш, төсек жапқыш, беташар, ақсүйек т. б.; в) бірінші кейде 2-сыңары еш, әр, кей, әлде, бір, қай, қайсы сөздерінен болған біріккен сөздер: ешкім, әркім, әлдеқалай, кейбір, қайсыбір т. б.; г) екінші сыңары аралық, тану, сымақ сөздері болатын біріккен сездер: халықаралық, өлкетану, батырсымақ; д) бірінші сыңары авто, авиа, агро, фото, электро, радио, кино, гидро, танс, инфра, ультра, изо, гипер сөздері болған біріккен сөздер: автошеберхана, авиомектеп, агроөнеркәсіп, фотокөрме, электрометр, радиоөнер, киноактер, гидрофизика, трансформатор, инфракүлгін, ультрадыбыс, изосызық, гипержазықтық.
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР . Біріккен сөзден жасалған кісі аттары, жер-су, тау атаулары, қалалардың аттары, жалпы географиялық атаулар бірге жазылады: Ақтоқты, Ботагөз, Бауыржан, Ақмола, Жезқазган, Екібастуз, Алатау, Алакөл, Сабын-дыкөл т. б.Ескерту: 1) Кейбір кісі аттарының қүрамындағы сыңарлар айтылуда өзгеріп қалыптасқан қалпында жазы-лады: Ботагөз, Дәметкен, Торайгыр, К,ожахмет т. б. 2) Екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кісі аттарының бірінші сыңары дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға аяқталғанда, қ, к дыбыстары айтылуда ұяңдаса ғ, г әріптерімен жазылады: Қарагөз, Нұргелді, Нұрқожа, Нурғиса, Айғыз. Егер мұндай сөздердің екінші сыңарындағы қ, к дыбыстары айтылуда қатаң қалпын сақтаса, онда қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Әбілқасым, Әбілқайыр, Нұрикамал, Әбдіқадыр, Құсниқамар т. б.; 3) Кісі аттары екі дауыссыздың тіркесінен басталмайды. Мұндай кісі аттарында екі дауыссыздың алдынан, не екеуінің арасынан ы, і әріптері қосылып жазылады: Ысқақ, Ысмайл, Сымайыл, Сымақұл, Ырзабай, Ырзыхан т. б. 4) Ұлы, қызы сөздері кісі аттарымен біріге жазылады: Асқарулы, Ахметұлы, Бауыржанұлы, Досанқызы, Құрманқызы, Шонақызы т. б.