Мәтін қай стильге тән?Шеберлік ұғымның аясы кең .Шеберлік ті
Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3)бастапқы бағдарламаның жазбасы.Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкібайланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігіжәне осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылыпотырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды.Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика депаталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальдымектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтіндіқазіргі семиотика (мәдениетмәтінретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінугеболады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1)мәтіннің барлық элементтері өзарабайланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2)мәтінәлементтерініңарасындағыбайланысқайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады.(Мотивтталдаутезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4)мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт көрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең,әмбебап заңдылықтар жатыр(К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5)мәтін шындықты суреттемейді,ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін
( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).