Сөйлемге көркемдік тұрғыдан талдау жаса Күңгірт көңілім сырл

Мұхтар Әуезов: Бұндағы ақын үшін тың жаңалық — табиғаттағы стихия мен ақындық көңілдің шабытты стихиясы терең сырлы сипаттарымен кезігеді.
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса.
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Төмен қарап мұндасар,
Ой жіберіп әр жаққа, деген шумақтарда табиғаттан алған әсер ақынды шіміркендіре бір білінсе, соған орай шабытты жүрек сыр қосады. Кейде сол дүниені көріп отырса, кейде ой көзімен ол
дүниенің саз-сарынын ілестіріп барып, шабытты жүрек басқа жаққа да шалқып кетеді.
Көрініп тұрған болмыс қана емес, көмескі сезім мен ойларға да алабұртып, ауытқып
отырады.
Ал Дихан Қамзабекұлы, Бауыржан Омарұлы, Амантай Шәріп ұсынған «Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік» деп аталатын монография осы тұрғыда («Arna-b», Алматы, 2013) айтылады. Мысалы, бір тарау «Абай: Бейуақ тұстың бағыты» деп аталады. Ұлы ақынның «Күңгірт көңілім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа» деген жолдары бар атақты
өлеңдерінің бірін талдай келе Амантай Шәріп: «Абайдың «бейуағы» – қазақ қоғамының қалт-құлт етіп тұрған әрі-сәрі күйінің де суреті. Бейуақта жердің жүзін көлеңке билейді – алыстағыны айырудан қаласың; қоғамның беймезгіл шағында адамдардың мұрат-мақсаты күңгірттенеді – болашақты болжаудан қиналасың» дей отырып, одан әрі елдің басындағы заман мен ұлттық мінездің бір-біріне еріксіз таңылатындығының себептері мен салдарларын немесе ұлттық мінез бен дәстүрлі ментальдіктің күрделі ара қатынастарын терең зерделей түседі.