Публицистикалық стильдегі сан есімдердің стилистикалық әсері
Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Сөз таптары, оның ішінде сан есімдерің публиц.байланысы өте тығыз.БАҚ жарияланған сандық фактілер маңызды.
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың ывсандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді. Осы ұқсастығына қарай сан есім де белгіні білдіретін болғандықтан, ол да дерексіз мағыналы сөз табы, оның мағынасы зат есіммен тіркескенде ғана нақтыланады. Мысалы, бес кітап, он дәптер, жүз кісі, он бес қала, бес жүз көше т.б.Бұл қолданыстағы сан есімдердің мәнін онымен тіркескен зат есім сөздер деректеп тұр.
Шындық өмірде заттардың көбі түрлі мағынада, түрлі сандық құрамда қолданылады да, олар түрлі сан есім сөздермен көрсетіледі. Бұл сан есімнің зат есіммен тіркесте қолданылуын қалыптастырған. Алайда, сөйлемде сан есімдер зат есімге тіркеспей, сан атауы ретінде жеке де қолданылады. Мысалы, Жолға шыққан үшеу едік. Әкеден алтау, шешеден төртеу, жалғыздық көрер ретім жоқ (А.Қ.) сияқты қолданыстарда сан есімдер сан атауы түрінде қолданылған
Сан есім сөзде тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар – сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да , жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Мысалы, екі кітап, бір қалам, он дәптер, үш қыз, бір жігіт, бір мысық,екі ит, т.б. Мұндай қолданыста сан есім зат есім парадигмалары бойынша түрленеді. Ол – сан есім сөздердің өзіндік ерекшелігі. Бірақ бұл сан есімде ешқандай қосымша жоқ дегенді білдірмейді. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның –ншы,-нші,-ыншы,-інші жұрнағы мен жинақтау санның -ау,-еу жұрнақтары.
Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болуы. Бұл ұстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есімнің ішінде анықтауыш болмайтын сөз жоқ, бұл - сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі. Бірақ сан есім басқа да синтаксистік қызметте де қолданылады, бірақ олар негізгі синтаксистік қызметке жатпайды.
Міне, осы белгілері сан есімді дербес сөз табы деп тануға мүмкіндік береді.