Жан, қара, жас сөздерінің стилистикалық коннотациясына ғылым

Коннотация-тілдік бірлік мағынасында жасырын әрі қосымша ерекше компонент; дүние туралы білім мен белігіленетін заттың эмотивті қабылдануын, семантикадағы субъектілікті байланыстырады.
Фразеологиялық коннотация прагматикасы – бұл фразеологизмдердегі эмоционалдық, экспрессивтік, бағалағыштық, стилистикалық, ассоциативті-бейнелі компоненттердің ықпал ету, әсер ету қасиеті.
Жан, қара, жас сөздері-омоним сөздер. Аталмыш сөздер ауыспалы мағынада қолданып, эпитет, теңеу сынды көркемдегіш құралдарда да көрініп, тілдік бірлік мағынасындағы жасырын әрі қосымша ерекшеліктері бар сөздер.
1)адам, тұлға
-Махаббат – сәулесі зор, Құдай нұры,
Көрген жан сол сәулені қалмас құры. (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
- Жан еді өлең үшін дара туған (Төлеген Айбергенов)
- Өзге жанның қолындағы
Мен ұнатқан гүлсің бе? (Қ.Сарин)
2) тіршілік иелерінің жаны
- Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын. (М.Мақатаев)
3) адамның жас мөлшері
- Жастықта көкірек — зор, уайым — жоқ. (Абай)
- Кәрісі кімнің жоқ болса, жасы болар дуана.(Махамбет)
4) көздің жасы
-О, сезімнің шым еткен нұр-шуағы
балқытады,
жуам десе – жуады...
Шыдай тұршы, шыбыным сәл, көз жасы
құлап кетсе күл-талқаны шығады.(Ж.Нәжімеденов)
5) түс
Қара көмір жанатыны – әдемі,
қара судың ағатыны – әдемі.
Қара көздің жақсы-ау күлімдегені,
одан гөрі дала түні – әдемі.

Құт кірерде қара жерге қақ тұрған,
қара қазан қамы бала бақтырған.
Қара қазақ қауіпті дерт, ауруын
қара қойдың өкпесімен қақтырған.(Ж.Нәжімеденов)
6) Қарасы көріну, бейнелі нәрсе, қимыл-қозғалыс
-Ауыл оттарының алыстан жылт-жылт еткен қарасы көріне бастады.
-Қараса маған қадала
Қарақат көздер мөлтілдеп...