Берілген сөйлемдердегі теңеу мен эпитеттің стильдік қызметін

Шаханов бұл өлеңінде теңеу мен эпитеттің қызметін барынша ашып көрсете білген және оларды өте бейнелі, образды қолданған. Автор бұрынғы заманның негізгі көлігі отарба мен жаңа заманның тұлпары лимузинді бір біріне қарама қарсы қоя отырып салыстырады, оларды бір біріне теңеп, ассоциациялық байланыс жасайды. Яғни көлік дегенде біздің санамызда сол отарбадан бастап неше түрлі көлік түрлері образды бейнеленеді. Теңеу дай дей, тай тей жұрнақтарымен қатар, секілді, бейнелі, тәрізді сынды шылау сөздермен жасалады. Авторды осы өлеңіндегі теңеу секілді сөзімен жасалған. Сонымен қатар ақын лимузин мен отарбаны салыстыра отырып, рухтың да құлдырау дәрежесіе салыстырмалы түрде көрсетеді. Мұндағы эпитетті тіркестер: даңқ сынасқан отарба, ең кейінгі қатар тіркестері болып табылады. Осы өлең жолдардағы эпитет пен теңеудің негізгі стильдік қызметі ойды образды, бейнелі жеткізу, екіншіден зат, құбылыс, нәрсе атауларын олардың өз қасиеттері арқылы айқындау, ойды сол арқылы беру, үшіншіден ұқсату немесе бейнелілік арқылы ойды әсерлі, көркем жеткізу.