Көркем әдебиет стиліндегі эпитет, теңеу ұғымдарына ғылыми ко

Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды. Көркем әдебиет стилінде көркемдеуіш құралдар молынан қолданылады. Солардың ішінде эпитет пен теңеу актив қолданысқа ие. Соның ішінде ерекше байқалатын стилистикалық амал-тәсіл – теңеу. Теңеу – ерекше стилистикалық тәсіл, мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз. Әсерлі сөз стилистика ғылымында эмоционалды-экспрессивті лексикаға да және көркем ойға, мазмұнға құралған сөйлемге де байланысты айтылады. Теңеудің семантикалық-стилистикалық мәнін айқындайтын амалдардың қатарына метафора, эпитет, метонимия, синекдоха, гипербола, синоним теңеулерді жатқызады, сондықтан жасалу жолдарын бірнеше топтарға бөліп көрсетеді. Теңеудің көркемдік сипаты көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу стилінде ұқсату әрі бейнелілікке құралады. Теңеудің керкемдік сипаты көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стилі және публицистикалық стильде ұқсату мен бейнелілікке құрала отырып, адресанттың айналасындағы зат құбылыстың субьективті, обьективті теңелетін заттардың жалпы сипатын санада сақталған. Теңеумен қатар көркем шығармаларда эпитеттер де белсенді қолданылады. Эпитет дегеніміз - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Сонымен қатар бұл екі тілдік құрал (теңеу, эпитет) безендіруші стилистиканың негізгі көркемдеуіш құралдарына жатады.