Норманың өлшем шарттары туралы ғылыми көзқарастарды анықта.
Әдетте норма терминдік мағына емес ,қалыпты бейтарап сөз мәнінде жұмсасақ,белгілі бір "тәртіп,жүйелілік,дұрыстық"деп ұғынамыз.Норма деп тану үшін әлеуметтік бағалау,яғни сол тілде сөйлейтін қалың жұртшылықтың дұрыс не дұрыс емес,орынды не орынсыз деген танымы,бағасы болу керек.Нормалық танымына тұрақтылық,дәстүрлілік,көпшілікке біршама ортақтық та кіреді.Бұлар тілдегі нормалықтың әлеуметтік категория ретіндегі белгісі.Норманың өзіндік өлшем шарттары бар.Тек жаңа тұлғалардың жасалуында емес,тілдің өзіне қалыптасқан табиғи нормалар да,кодификацияланған жазба тіл нормалары да баршасы да сол тілдің ішкі құрылымдық заңдарына сәйкес келуі нормалықтың бірінші шарты.Екінші шарты - тілдің қатынас құралы ретінде қалың жұртшылықтың әрдайым қолданысында болатындығы,яғни әлеумет дұрыс деп тауып,көпшілік әрдайым қолданып отыратын сөздер грамматикалық тұлға - тәсілдер ,сауатты жазу,сөзді дұрыс дыбыстау үлгілері норма болып табылады.Норма деп танудың үшінші шарты оның әлеуметтік қолдау табуы,яғни қалың жұртшылықтың белгілі бір сөздің,тіркестің,грамматикалық тұлғаның жаңадан жасалған не өзге тілдерден енген сөздердің осы тұлғада айтылуы дұрыс,сөздердің сөйлеу үстінде осылайша дыбысталуы жөн деп мақұлдауы.