Стилистикалық норма туралы ғылыми тұжырымдарды жаса.
Стилистикалық норма-тарихи тұрғыдан қалыптасқан,сонымен қатар даму заңдылықтарымен жалпы қабылданған тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығы.Стилистикалық норма бұл да тілдік норма,бірақ стилистикалық кейбір әдістер оның ауытқуына себепкер болады.Стилистикалық норма 2 бөлінеді:1 экспрессивті-стилистикалық,2 функциональды-стилистикалық.Стилистикалық норма мен тіл нормасын салыстырғанда,тіл нормасы белгілі жүйелілік пен бірізділікке бағынады,ал стилистикалық норма жалпы тіл нормасының талаптарына бағынбайды,бұдан шығатын қорытынды стилистикалық норма тіл нормасынан мүлдем бөлек дүние емес,ол тіл нормасының барлық тиімді жақтарын өз бойына жинақтайды,әрі "тілдің табиғи заңдылығын бұза отырып"стилистикалық норманы қалыптастыруға күш салады.Бұл орайда айта кететін нәрсе стилистикалық норма жалпы тілдік нормаға еш уақытта қарсы қойылмайды,қайта соның аясында жетіледі.Стилистикалық нормалар өзінің табиғи тілдік құрылымның заңдылықтарының аясынан шығып кетеді.Мысалы "инверсия" тәсілін алайық,сөйлем мүшелерінің табиғи заңдылық орналасу тәртібін бұзады,соған қарамастан стилистикалық өрнектілік мазмұнын құра отырып,стилистикалық нормаға айналады.Мысалы,Сағынып жеткен жаз(Р.Сейсенбаев).Автор сағынып сөзін стилистикалық акценттік категория арқылы тілдік норманың аясынан шығарған,бірақ стилистикалық норма қалыптастырады.Стилистикалық норманы қалыптастыруға негізінен стилистикалық категориялар мен стилистикалық каннотация көмектеседі.Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық каннотацияның бірлескен жиынтығынан стилистикалық норма туындайды.Стилистикалық норма,басқаша айтқанда,тілдің көркемдік,сұлулық айшықты мәнерін көрсету жетістігінің туындысы деуге болады.Стилистикалық норма ғылыми стильде концептуалды пайымдаумен келіп отырады.Ресми стильде мемлекеттің заңдарына сәйкес соның"қоңамдық мүлкі"тарапынан мемлекеттік биліктің күшін көрсететін сөздер стилистикалық норма ережелерін көрсетеді.Стилистикалық норма көркем әдебиетте былай көрінеді:ойлау-пайымдау;концептуалды пайымдау;образ пайымдау.Стилистикалық нормаға қарама-қарсы құбылыс-стилистикалық қателер.Сөйлеу қателері,кейбір сөз,сөз тіркестері,синтаксистік конструкциялар стиль мәніне сәйкес келмейді,сөздің коммуникативтік мақсатқа сәйкестігінің талаптары бұзылады.