Баспасөз тілінің мәдениеті туралы ғылыми концепцияларды жүйе
Тіл мәдениетінің ішінде «баспасөз тілі мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің де сөйлеу тілінің де сапасы қандай екендігіне өлшем бола алады». Баспасөзді «Әдеби тіл мәдениетінің айнасы» (М.Балақаев) деп текке айтпаған болар, кезінде М.Әуезов газет-журналдардың рөліне үлкен мән берген болатын: «Анық өскелең сапаға ие болған өнерлі әдебиет-сөз жұртының тіл өнері жөніндегі тәрбиешісі, көмекшісі. Әрбір жеке ірі шығарма тәрізді жеке баспа орны да өз оқушы жұртшылығын тіл өнеріне тәрбиелейді. Біздің газетіміз ойдағыдай сапалы тілмен шығып тұрса, оқушы мен жас жазушыларымызды шешендікке, орамды тіл шеберлікке баулиды» деп айтқаны тек емес.
Баспасөз т-нің мәд-і алдымен оның сауаттылығымен өлшенеді. Газет, журналдар қалың көпшілікке арналғандықтан, олар орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателерден аулақ болғаны жөн. Баспасөз бетінде жарияланатын мақала, шолу, басқа да хабарлардың мазмұнды шығуымен қатар, олардың сауатты жазылуы да редакция тарапынан да, журналистер тарапынан да қатаң бақыланып отыруы қажет. Газет бетіндегі қателер негізінен тіл заңдылықтарын, грам-лық, орфогр-лық, пункт-лық ережелерді білмеуден болады.