Шешендік сөз және оның түрлері туралы ғылыми тұрғыдан салыст
Осы уақытқа шейін сан ғасырлық тарихы бар үлттық шешендік өнері, ягни би-шешендер мүрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік-қоғамдық мәні, мемлекет
тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен
төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттін көркеюіне, мәңгілік түғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға үмтылуына зор үлес қосты.рлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің да-
усы, түр-түлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез- қүлқы турасында жззылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, үлттық шешендік өнері өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғаны шындық.
Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін. Шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шешендік сөздерді ауыз әдбеиетінің саласы ретінде зерттеулер А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты. Бұдан кейінгі кезеңдегі шешендік өнер тарихының зерттелуі Ә.Маметова, Б.Адамбаев еңбектерімен байланысты. А.Байтұрсынов 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің «Шешен сөз» атты тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрларға жіктеді: 1) саясат шешен сөз 2)билік шешен сөз 3)қошамет шешен сөз 4)ділмәр шешен сөз 5)уағыз. Кең көлемде жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихын жасауға батыл қадам жасаған еңбек «Әдебиет тарихы» десек, автор шешендік сөздерді әдебиет тарихынан орын тептіріп, «Билер айтысы» деген терминдік атау береді.
Қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша. ындар бұл жағынан алдына жан салмаған болар еді. М.Балақаев: «Шешендік – дарындылық. Ол – тілі ғана емес, ойы да жүйрік кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға тән қасиет. Ондай қабілеті бар адам, басқа өнерді үйреніп білетіндей, тіл өнерінде оқып, үйреніп, ізденіп жүріп игереді», - дейді. Жинақтай айтқанда, қазақтың дәстүрлі шешендігі көп көріп – білуді, білгенді көкейге берік тоқуды, айтыс – тартыстарға түсіп, жалықпай жаттығуды тілейтін өнер ретінде қалыптасқан[4]. Демек, нығыз шешенге сөзге шебер болу ғана жеткіліксіз. Сондай – ақ ол табанды, тауып айтатын тапқыр, шаршы топта тай -салмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын салқын қанды болуы шарт. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұхар жырау:
Көш бастау қиын емес,-
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,-
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын,-
Шешімін адам таппас дау бар!-деген. Сонау дәуірлерден бастап қазақтың шешендік дәстүріне
бойлай қарасақ, шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқымаса да көкейге тоқығаны көп саналы, білімді, парасатты азамат болуы тиістілігіне анық көз жетеді. Мәселен, Майқы мен Аяз билер, Асанқайғы мен Жиренше шешендер, Төле би, Әйтеке ьи, Қаздауысты Қазбектер, Жәнібек пен Сырым батырлар – көзі қазы, көңілі таразы дүлдүл шешендер. Демек, шешендік сөздерді қай уақытта да озат ойшылдар мен ділмар шешендер шығарып, халық санынан, ғасыр шыңдауынан өткен, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра, асыл қазына деп түсінеміз.