Қанатты сөздердің прагматикасы туралы ғылыми концепцияларды

Әр тілідң өзіне лайық ұлттық қасиеті тиянақты сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерінен, қанатты сөздерінен анық көрінеді. Мақал-мәтелдер сияқты қанатты сөздер де халықтың өмірі, тұрмыс тіршілігі, ұлттық мәдени сипаты, ой-санасынан тұрады. Әр қанатты сөзден ұлттық-мәдени ақпарат беретін даңдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады. Себебі оларда әр халықтың ғасырлар бойы өмірден түйген өзіндік ақыл-ойы, парасат танымы, өмірлік түрлі қағидалары жатқанын көреміз. Қазақ қанатты сөздері түркі халықтарының қанатты сөздерімен үндесіп жатыр. Қанатты сөздердің тілдерде пайда болуы бірнеше жолдармен жүзеге асқан. Әр ұлттың өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай, күн-көріс, тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, мәдениеті, тарихы бар. Оның бәрі әр халықтың ғасырлар бойы өзімен бірге жасаған тілмен көрінеді. Сондықтан да тілдегі қанатты сөздердің этнолингвистикалық сыр-сипатын ашу ұлттық дүниетанымың сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бірақ айтатын қанатты сөздер аз сөзден жасалғанымен көп мағынаны білдіреді. Этностың танымынан туындаған қанатты сөздер-мақал-мәтелдер сияқты тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы қордаланып шоғырланған лексикалық қазыына болып табылады. Олар этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді сөйлетеді. Әр халықтың өзі туралы айтылған мақал-мәтелдерінде, қанатты сөздерінде халық өмірінің сипаты, ұлттық психологиясы көрініс табады.