Ғылыми стиль, оның категориялары туралы ғылыми көзқарасты ан
Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын-зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: 1) сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмасалды. 2) сөздің көп мағыналылығы, образады сөздер мұнда аз кездеседі. 3) ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың парнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі-ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулалар,ға негізделуінде. Ғылыми стиль түрлері: таза ғылыми шағын стиль, ғылыми-оқулық шағын стиль, ғылыми көпшілік шағын стиль. Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі-терминдер. Терминдер-ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саоасында қолданылатыннақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі-стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі-ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетінғылыми шығармалар. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемлік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйдемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады.