Тілдік норма туралы ғылыми концепцияларды жүйеле.

Тілдік норма- тіл мәдениетінің қрастыратын мәселесі. Тіл мәдениеті дегеніміз( тілді мәдениетті пайдалану) қарым- қатынас ситуацияларында коммуникативтік қарым қатынас жетістіктерін қамтамасыз ету үшін тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, тіртіпті әрі жүйелі қолдану.
Тілдік норма проблемалары тіл мәдениетінің аясында қарастырылады, сондықтан тілдік мәдениеті тілдік нормға иек артады. Тілдік норма жалпы қолданыстың дұрыстық сапаларын игеріп отырады. Тілдік норманың функционалдық табиғаты варианттылықтың бар болуымен байланысты. Тілдік тәсілдердің варианттылығы әдеби тілдің функционалды- стилистикалық жіктелуін қамтамасыз етеді.
Тіл нормасы белгілі жүйелілік пен бірізділікке бағынады. Бұл орайда айта кететін нәрсе, стилистикалық норма жалпы тіл нормасының талаптарына бағынбайды, бұдан шығатын қорытынды стилистикалық норма тіл нормасынан мүлдем бөлек дүние емес, ол тіл нормасының барлық тиімді жақтарын өз бойын жинақтайды. Яғни стилистикалық норма тілдік норма аясында жетіледі.