Стилистика мен грамматика туралы ғылыми тұрғыдан салыстыру ж
Стилистика (лингвистикалық стилистика, лингвостилистика, жалпы стилистика)- тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларды қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал –тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті оқып үйретеді. Стилистика көптеген ғылыми практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық нормны қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларын шешіп береді.
Стилистика ғылымының зерттейтіні- стиль. Стиль «ағаш қалақша» деген сөзден шыққан, стиль «адам мен мәдениет» ғылымына да жатады, « стиль – адам» (Бюффон), ендеше стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуы тікелей адамға қатысты. Олай болса, стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Стилистика ғылымының теориялық негізгі басты тұжырымдарын былай саралауға болады:
-Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды;
-Стилистика прагматиканың орталық категориясына жататын прагматикалық факторды толық есепке алып отырады;
-Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады;
-Тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын өзіне толық байланыстырып отырады;
-Стилистикалық ұғымдар мен категориялардың басты қызметі стилистикалық мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алады;
-Стилистикалық амал-тәсілдер стилистикалық норманы қалыптастырады.
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қана қоймайды, прагматикалық әлеуеттік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Стилистиканың мән-мазмұны мен тілдің функционалдық аспктісі динамикалы болып келеді, стиль өзінің табиғаты жағынан динамикалы болып келеді, стиль өзінің табиғаты жағынан динамикалы және функционалды құбылыс ретінде танылады. Қазіргі көптеген лингвистикалық зерттеу нысандары бола алатын өзінің жаңашылдығымен ерекше көзге түсетін прагматика мәселесі стилистика ғылымында ғана өзінің көп аспектілік ролін жан жақты көрсете алады.
Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —
тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сез жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сездердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Бұл үшеуі бір-бірімен диапектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған Грамматикаларда сипатталады. Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті Грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар мен университеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми Грамматика деп аталады. Нормативті Граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына белінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми Граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми Грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи Грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады.
Қазақ тілінің алғашқы Грамматикалары XIX ғасырдың екінші жартысынан орыс тілінде жарық көрді.