Ауызекі сөйлеу стилі туралы ғылыми тұжырымдарды жаса

Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады.
Тұрмыстық қарым қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері бар. Ол тұрмыстық, күнделікті қарым қатынас тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланыста жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлеу субъектісі-адресант және қабылдаушы, адресат. Адресант пен адресат прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль түзуші тәсіл болғандықтан, прагматиканың орталық категориясына кіреді. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық бағдар ерекше рөл атқарады. Ауызекі сөйлеу стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеруі қажет, ол стильдік фон деп аталады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы ыстық десе, тыңдаушы шөлдедіңбе деп айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білмейді бірақ коммуникативті актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу стилінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды, экстралингвистикалық факторларымен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді. Қарым қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т.б. тікелей қатысына да байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым қатынас функциясы атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
-Бейресмилік;
-Сөйлеудің еркінділігі;
-Сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
-Тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
-Сөйлеудің автоматтығы;
-Сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін реалды ситуация, сөйлеудің заттық-психологиялық жағдайы.
Ауызекі сөйлеу стилінің күнделікті қарым қатынасында сөйлеу сипатының экспрессивтілігі тікелей ассоциативті және деректі ойлау қабілетінен туындайды, сондықтан ауызекі сөйлеу стилі стилистикалық коннатацияның ерекше формасын беріп отырады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер менкомпозициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктер мына мәселелерге тікелей қатысты болып келеді: сөйлеудің еркінділігі, бейресмилік, сенімділік дауыс тоны, оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық бағдар кітаби стильге қарағанда,стилистикалық мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.