Стилистика және синтаксис туралы ғылыми тұрғыдан салыстыру ж
Синтаксис - сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін, синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар - адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөл-шектері де, сөйлем - ойды білдірудің негізгі формасы болып есеп-теледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақ-тарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте қарастырылуға тиіс.Олай болса, стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не болмақ?С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады,’ дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды,- кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық ‘кұбылыстар-ын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.Бұдан шығатын қорытынды , стилистиканың мақсаты - дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай “толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкін-шілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді.Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйт-кені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем кұрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қарапайым, сөйлемдері кысқа-қысқа, көбнесе толымсыз болады.