Стилистика және лексикология туралы ғылыми тұрғыдан салыстыр

Лексикология және стилистика - бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп - әдетте тілдегі барық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағынасын, онын, шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бұл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жана сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарыньщ қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар.