Фоностилистика туралы ғылыми концепцияларды жүйеле.

Фоностилистика дыбыс үйлесімділігі бір тектес термин ретінде орта ғасырда,қайта өрлеу дәуірінде риторикалық ілімдерде көрініс тапқан.Ол зерттеулерінде көпшілік алдында сөйленетін сөздің интонациясына назар аударған ,атап айтқанда тембр,тон,дауысқа ,үзіліске мән берген.Фонетика- фоностилистиканың негізгі құрамдас бөлігі,фоностилистикаға әлі лингвистикалық сөздіктерде анықтама берілмеген.Қазақ ұлттық тілі дыбысының көрнектілігі,лебізділігі ,тазалығы ,әуезділігі,айтылуы,қолданылуының әлеуметтік ортадағы дағдылы қызметі жан-жақты біршама зерттелген.А.Байтұрсынов "көрнекті лебізді тіл", Қ.Жұбанов "әнші тіл",М.Жұмабаев "нұрлы жұлдыз, бабам тілі",Р.Сыздықова"кино,театр,өнер тілі",Қ.Неталиева "сөйлеу стильдеріндегі сөздердің айтылу нормасы",С.Мырзабеков "бабам тілі-туған тіл" деген пікірлерді айтқан.Ғылыми тұрғыдан қазақ тілі ғылымында фоностилистика мен фоникаға ,дыбыс үйлесімділігіне қатысты ғылыми пікірлер көп.Қазақ тілінің икемді,көркем тіл екені талай ғасырдан бері айтылып келеді.Қазақ тілінің ұлттық жазба әдеби тілінің ауызша және жазбаша қоғамдық қызметі жанданған тұста,барлық стиль саласында фоника ғылымының үлкен стильдік сұранысқа ие болуы заңды құбылыс.Функционалдық стильдердің кез келген саласында, әсіресе,ауызша түрінде қарым-қатынас ,хабарлау,баяндау,пікір білдіру,ситуативтік жағдайларға немесе белгілі әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас түрлеріндегі тілдің дыбыстық-стилистикалық мүмкіндіктерінің әлеуеттігін көрсетіп отырады.Бұлтуралы ғалымдар О.А.Прохватилова,Е.А.Брызгунова,К.Б.Карпов,И.Голуб т.б.ғалымдардың әр кезде жазған еңбектерінде сөз болған.Қазақ тілі стилистикасында фониканың ғылым ретінде танудың мазмұнына көңіл бөлу өзінің көкейкестілігімен қазіргі уақытта әлеумет назарын аударып отыр.Фоника стилистиканың бір бөлігі ретінде танылатын тілдің дыбыстық құрылымының ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді,әр ұлттың өз тілінде ғана көрінетін тілдің нәзік көркемдік күшін анықтайды.Сөйлеудегі фоника бейнелікке ендіретін дыбыстардың алуан түрлі тәсілдерін зерттейді,ойды жеткізудегі дыбыстың мағыналық-стилистикалық бояуын тануға үйретеді.Сондықтан фоника тілдің фонетикалық тәсілдерінің эстетикалық ролін көрсетеді.