Стилистикалық коннотация,ғылыми тұжырымдарды жаса
Лингвистикада жиі қолданылатын әмбебап құбылыс – коннотация.коннотация тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Коннотацияның ғылымда белгілі мынадай түрлерін көрсетуге болады: бағалау коннотациясы (тілдік бірліктердің экспрессивті-стилистикалық мағынадағы кең тараған типі және құрылымы); пейоративті (стилистикалық боялған бірліктердің параллель қолданылып, сөйлеудің экспрессивтілігін күшейту және қоюландыру тәсілі арқылы жасалған коннотация); бейнелік коннотация (семантикалық екі қырлы болады, яғни абстракті бейнені сезімдік-көрнекілік фонда көрсету және айқын коннотациялар арқылы нақты-бейнелік, сезімдік көріністерді белгілеу); функционалды коннотациялар (функционалды-стилистикалық коннотациялар, тіл бірліктері мен формаларын белгілі бір қоғамдық-сөйлеу тәжірибесінде қолдану нәтижесінде пайда болады); ұлттық-мәдени коннотациялар (ұлттық өзіндік құбылыстарды, халықтың рухани және материалды өміріндегі құбылыстарды бейнелейді) т.б. түрлері бары белгілі.Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқандығы баршаға аян. Сондықтан да сөздердің пайда болуы әртүрлі себептерге және тарихи дамуларға байланысты болады. Кезкелген тілдің өзіне тән төл лексикасы мен грамматикалық құрылысы болады.Кез келген стилистикалық коннотация прагматикалық салмаққа ие болғанда таңбаның «іс-әрекетінің» мәнділік сипаты анық көріне алады. Егемендік алған жылдарда публицистикалық стильде жаңа қазақ, бай қазақтар деген сөздер қолданысқа енді. Жаңа қазақсөзіндегі стилистикалық коннотация стилистикалық фреймдер арқылы адамның ассоциативті теориялық ойлау жүйесінен туындаған.