Стилистикалық категориялар мен ұғымдар туралы ғылыми концепц
Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалықбояу, стилистикалыққұрал, стилистикалықбелгі, стилистикалықмағына, стилистикалық норма, стиль құраушыфакторлар, стильдіңтілдікжүйелілігіСтилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады.Функционалдық семантикалық-стилистикалық категориялар стилистика ғылымында өте аз қарастырылған.Стилистикалық категориялардың қатарына стилистикалық акценттік категория, стилистикалық гипотезиялық категория, стилистикалық автор образы категориясы, стилистикалық бағалау категориясы, стилистикалық диалогтық категория.Акценттік категория-мәтіндік категориялардың бірі.Мәтіндік акценттік категорияны реттеудің тәсілдері сөздің стилистикалық қызметіне байланысты әрі соған тікелей тәуелді.Ахаң-біз үшін әлі оқылмаған дастан/Ә.Қайдар/.Ана тілі Ахаң түрлеген сайын шынында да түрлене түсті/З.Қабдолов/. Стилистикалық категориялардың қатарына жататындардың бірі-гипотезиялық категория.Гипотезиялық категория сөздің стильдік аспектілерінде пайдаланылады,бірақ оны барлық мәтінге қатысты деп айтуға болмайды,тек ғылыми мәтінге ғана тән.Ендеше,гипотезиялық категория ғылыми стильдің және көркем әдебиет стилінің кейбір жанрларына тән/атап айтқанда,фантастикалық шығармалар/.Стилистикалық категорияның тағы бір саласы-«бағалауыштық».Бағалауыштық-философиялық-әлеуметтік әдебиеттерде кең қолданылады.Ғылыми стильде бағалау категориясы ғылыми рецензияда жан-жақты көрінеді.Ғылыми стильдегі бағалаудың түрлері:аксиологиялық баға:тамаша идея,жоғары деңгей,ғажайып үлгі;ментальді баға:маңызды үлес,рационалды ыңғай; тәжірбиелік баға:ұтымды классификация, академиялық еңбек; ғалымды бағалау: үлкен ғалым,білікті маман,жоғары білікті маман.Ғылыми стильде бағалау категориясының қатарына жағымды бағалау лексикасы жатады: /жоғары сатыға көтерілген,дұрыс қорғалған/. Бағалау сипатына жағымсыз бағалаушы лексикалар да кіреді: диспропорция,кешірілмейтін,жарамайтын,дәлелсіз,қисынсыз.Публицистикалық стильде бағалау категориясы әлеуметтік болып саналады.Публицистикалық стильде бағалау категориясы полемика,теледебат,прения сияқты бұқаралық-ақпараттық жанрларда жиі кездеседі.Бағалау категориясын тудыратын біріншіден-субъект.Субъект заңды қоғамның әлеуметтік өкілі ретінде өзі жазып отырған оқиға,құбылыс туралы бағалау категориясын қолданып оқырманға акценттік ой тастайды.Екіншіден,қабылдаушының жалпы көзқарасы тұрғысында да автор стилистикалық бағалау категориясын пайымдап бере алады.