Әрқилы уақытта хатқа түскен жазба деректердің құны мен құпия
Ауыз әдебиеті және фольклор турасында белгілі тиянақты пікір жоқтығы сияқты, тіл мамандарында да әдеби тіл мәселесіне келгенде ауыз әдебиетінің тілі және фольклор тілі деген мәселе төңірегінде белгілі бір тұжырым жоқ. Ә. Қоңыратбаев: «...(folk-халық,lore-білім, даналық) фольклордың сипатына «халық ауыз әдебиеті» дегеннен гөрі «халықтық поэзия» деген терминнің көп жақын екендігін айтады. «Халық ауыз әдебиеті » ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ» - дейді (Қазақ фольклорының тарихы. 1991, 8-21 б.). Т.Қордабаев фольклор тілін жазба тілге,баспасөзге негізделетін «әдеби тіл» деген терминмен атамаулары әбден орынды деп фольклор тілін әдеби тіл емес демейді.Халықтың ауызекі тілін әдеби тіл ретінде қарастырады (Қазақ тілі білімнің қалыптасу, даму жолдары. 1975, 152-153 б.); Фольклор тағы бір белгісі туралы С.Қасқабасов қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы // («Жұлдыз» журналы, №11. 1992, 181-198 б); Б. Ыбырайым (Бүгінгі прозаның бағзыдағы басаулары // «Заман Қазақстан» газеті, 1996, №35 (157) 15 б.); (Ауызша әңгіме, әңгімешілер (қалай пайда болып, қайда кеткені туралы) // «Заман Қазақстан» 1998, №30 (252) 8 б.); С. Медеубекұлы фольклор және ауыз әдебиеті ұғымдары жөніндегі пікір талас (М. Дүйсенов. «Қазақ әдебиеті», 1971, 2-шілде) араға жиырма жыл салып (Б. Әбілқасымов, «Фольклор», «ауыз әдебиеті» ұғымдары туралы. Кіт.: Фольклор шындығы. 1990 жыл. 169-178 беттер) (С.Медеубекұлы. Әдеби аталымдар анықталып болған жоқ // «Қазақ әдебиеті» газеті. №30 шілде, 1996. 4 б.) т.б.