Ежелгі ұлттық мұраның қазақ халқының елдік тарихы тұрғысынан

Егер әрбір халық оның адамзат мә¬дениетінің дамуына қосқан рухани үле¬сімен өлшенер болса, онда қазақ халқының бетке ұстары музыкалық мұрасы болса керек. Мінекей, осы тұрғыдан келсек, келешек жас ұрпақты патриоттық рухта тәр¬биелеуде қазақ халқының аспаптық музыкасы, ақын-жырау, әншілері мен жыр¬шыларының шығармалары үлкен рөл атқарады.
Қазақ ұлтының мәдени тарихында ХІХ ғасыр қазақ ұлттық өнерінің бетке ұстар қаймақтары мен саңлақтары шыққан уақыт еді. Қазақ өнері, әдебиеті мен мәдениетінің шырқау шегі, биік шыңы, алтын ғасырына айналған болатын. Қазақ өнерін өрістетуге үлес қосу арқылы қоғамдық сананы қа¬лыптастыруға үлкен ықпал етті. Өз шы¬ғармаларының келер ұрпақ үшін аса қажет екенін түсінді. Сол өнер жауһарлары кейінгі буынды отансүйгіштікке, туған ел мен өскен жерге деген махаббатын арттыруда маңызы зор.
Әрине, қазіргі заман басқа. Жаңа ғасыр¬дың жаңа ұрпақтарын тәрбиелеудеміз бүгіндері біз. Осы жолда ата-бабамыздан қалған ұлы мұраларды пайдалану үлкен нәтижелерге жеткізеді деп ойлаймын. Ең әуелі, саналы, ұлтының мұң-мұқтажын түсінетін, сезінетін, ұлтжанды азамат тәрбиелей аламыз. Себебі, біздің өлең¬деріміз, жырларымыз, әуелеген әндеріміз, ғасырдан ғасырға жеткен халық ауыз әдебиеті үлгілері, әр заманда жазылған шығармалар ұлттық рухпен өрілген, қазақи бояуға қанық. Осы қайнардан сусындаған кез келген жан өмір жолында ешқашан адаспайды деп ойлаймын.