Ежелгі аңыздар мен мифтердің классикалық ұлы шағармаларға ен

Қазығұрт тауы жөніндегі ең көне мәлімет әйгілі Нұх пайғамбардың кемесінің әлемді топан су басқанда бір таудың басына қайырлап, аман қалуы туралы аңызда айтылады. Бұл жөніндегі жыр қазақ арасына кең тараған, көне дүние. Осы ұзақ жырдың ең болмаса алғашқы екі жолы:
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Болмаса ол әулие неге қалған, —
деген сездерді есітпеген қазақ азаматы кемде-кем шығар. Осы бір аңыз сарыны қолына қалам ұстаған көптеген азаматтардың шығармаларына арқау болған. Тіптен, арыға бармай-ақ, беріден қайтарғанның өзінде Валерий Брюсов «Қазақтың Пушкині» деп атаған Мағжан Жұмабаевтың көне Тұран өңірі мен Түркістан туралы жазған ұзақ ода-жырында түркі әлеміндегі атақты жерлердің бәрін тізіп келіп былай дейді:
Балқашты баурына алған Тарбағатай,
Жоталы жер кіндігі — Памир, Алай,
Қазығұрт қасиетті тау болмаса,
Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?
Ежелден жер емес ол қарапайым
Білесің тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған,
Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.
Мағжан ақын осы толғауында түркі жері мен елін мадақтай келіп, Афрасиаф пен Фарабиді, Сыр мен Әмуды мадақтайды. Жоғарыда келтірілген осы үзіндідегі Кей-Қысырау мен Зұлқарнайынға біз сонырақ тоқталармыз. Қазірше Нұх пайғамбар мен Қазығұртқа оралайық. Айтпақшы, Қазығұрт туралы біздің мезгілімізде кітап жазған қаламгер Сәуірбек Бақбергенов ағамыз болатын. Ол кісінің «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген кітабы көпшілікке кеңінен таныс. Ал осы ғасырдың басында көбірек қалам тартқан ғалым — әйгілі шығыстанушы, академик Әбубәкір Диваев болатын. Ол кісінің еңбектері сол кездегі Ресей басылымдарында жиі жарияланған.
Иә, сонымен әуелі Нұх пайғамбар туралы.
Нұх пайғамбар туралы аңыздар әлемге ең көп тараған аңыз. Дүниенің төрт түкпірінде бұл аңызды білмейтін ел жоқ. Әсіресе осындай аңыздар өзен...