М.Ж. Көпеев және М.Әуезовтің Бұқар шығармашылығына байланыст
Мәшһүр Жүсіп туралы М.О. Әуезов: «Ал, өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан, қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» десе («Әдеби мұра және оны зерттеу», «Ғылым» баспасы, 1961), С. Мұқанов өз ойын былайша түйіндепті: «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталғаны - Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпеев.Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: "Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар, бізге келіп жеткен тамыры ғана. "Мес” жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Сиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан”. Осыған ұқсас пікірді ғалым Ы.Дүйсенбаев та айтқан. Ол: "М.Ж.Көпеев Бұқарға тиісті деген өлең-толғауларды, ел ішіндегі кәрі құлақ қариялардың аузынан жазып алып, ертеректе қағаз бетіне түсірген, екіншіден ол өзінің шамасы келгенше қарт жыраудың мұрасын толық және келіп жеткен қалпында сақтауға тырысқан, үшіншіден өзі де Бұқардың өмірі және шығармашылығымен жете таныс болғандықтан, кейбір жыр-толғауларына түсіндірмелер берумен бірге, басқа да қызықты мәліметтер келтіріп отырған”, – десе, бұл пікірді біз де мақұлдаймыз.