Асан қайғының дін,ғылым,адамгершілік,ел бірлігін жырлаған шы
Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, -деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:Әділдіктің белгісі,Біле тұра бұрмаса.Ақылдының белгісі,Өткен істі қумаса.Жамандардың белгісі,Жауға қарсы тұрмаса;Залымдардың белгісі,Бейбіттің малын ұрласа.Надандардың белгісі,Білгеннің тілін алмаса.Артыңда қалар атақ жоқ,Тіріде данқың болмаса,-деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:Бұ заманда не ғаріп?Ақ қал алы боз ғаріп.Жақсыларға айтпаған,Асыл шырын сөз ғаріп.Замандасы болмаса,Қария болар шын ғаріп.Қаз, үйрегі болмаса,Айдын шалқар көл ғаріп,-деп толғаныпты.