Қастерлі тарихи сәттерде өмірге келген суырып салма ақындар
Сурып салма ақындардың бірі Иса байзақов.Иса Байзақов ӛзінің шығармашылығында суырыпсалма ӛнерін және жазбаша әдебиеттің дәстүрін ұштастыра отырып, қаламды да, домбыраны бірдей қолданды. Иса Байзақовтың шығармалары кӛпшілікке бұрыннан белгілі. Ал «Құралай сұлу», «Ақбӛпе», «Кавказ», «Он бір күн мен он бір түн», «Қойшының ертегісі» және басқалары ӛзінің идеялық-кӛркемдік лайықтылығымен қазақ әдебиетінің алтын қорына енді. Исаның шығармаларының тақырыптары әртүрлі, бірақ ол әрбірінде шынайы отан сүйгіштігімен ӛзінің тамаша кейіпкерлерінің образын, олардың уайымын, махаббатын жырлады. Ол олардың ӛмірін және табиғатты кӛркем суретттеді, сол суреттеулерге қарап қазіргі ұрпақ ӛзінің туған аймағының табиғатын және ата-бабаларының ӛміріндегі оқиғаларды, тұрмыстарын тани алады. Иса Байзақовтың ӛмірі мен шығармалары туралы кӛп жазылмаған және ӛкінішке орай оның шығармаларын кӛп уақыт қайта басылмаған. Бірақ бұған қарамай, Иса Байзақов суырып салма ақын, музыкант, әртіс қазақ мәдениетінің, әдебиетінің тарихына ауызша поэзиядан жазбаша жол ашқан бірінші ақын ретінде кірді.