Ежелгі аңыздар мен көркем әдебиетте бейнелейтін даналар өмір
Кез келген көркем шығармада жеке адам, басшы, коллектив, халық – негізгі тақырыптардың бірі болса, онда жаңа әлеуметтік жағдайлар, саяси-экономикалық жаңалықтар да қамтылады. Көркем әдебиеттегі очерк жанры қоғамда болып жатқан жаңалықтарды, жеке адамдардың өсу, өркендеу, жетілу жолдарын көрсету арқылы өз міндетін толық атқарады. С.Бақбергеновтің 1950 жылғы “Талғат” очеркінің тақырыбы да идеялық бітімі де дара. Олай дейтініміз, автор кейіпкер характерін ашуда оқиғаларды тыңнан талғап, композициялық тұтастыққа қол жеткізген. Совет Одағының батыры атағын екі рет алған Талғат Бегилдиновтың ерлік істерінің негізгі эпизодтарын қаперге ала отырып, жазушы очеркті Талғаттың Чкалов қаласында ұшқыштар мектебінде оқып жүрген кезінен бастап баяндай келе очерктің алғашқы беттерінде бейбіт өмірдің көңілді кештерін суреттейді. Талғат Бегилдинов 305 рет жауынгерлік тапсырма орындағанын баяндай келе, оның ішіндегі ерекше ерліктерін қимыл-әрекет, іскерлік пен тапқырлыққа бастайтын ішкі дүниесіндегі тамаша қасиеттерді даралап суреттеу арқылы шеберлікке қол жеткізген. Батырдың алғашқы екі ұрыстағы қимылдарын бастан-аяқ баяндамай, қысқа, жинақы сөздермен кестелейді.