Фольклор мен әдебиетке өрнегі түскен тарихи болмыстың азамат
Жалпы әдеби шығармаларда белгілі бір тарихи оқиға бейнеленіп, сол шығарманың негізгі арқауы,тақырыбына айналады. Бұндай шығармаларда біздің әдебиетімізде жетерлік. Тарихи шығармалардың халық үшін де мәні зор. Яғни біз сол шығарма арқылы өткен тарихымызды біле аламыз. Дегенменде көркем классикалық шығармалардағы тарихи шындық пен шын мәнінде болған азаматтық тарихтағы шындықтың айырмашылығы бар себебі автор өзінің көркем шығармасын жазу үстінде белгілі бір тарихи оқиғаны өзінің шығармасының арқауы етіп алғанменде шығармасының көркемдік жағы, сюжеті, композициясы бәрі бәрі жоғары деңгейде болуы үшін сол тарихи оқиғаны бұрмалап, өзінің қиялынан да сюжеттер қосып өзгертуі ол заңды құбылыс.