Адамзат санасының балаң дәуірінде өмірге келген мифтер мен о

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі.Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне, әдебиетіне, сурет-мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Қоғамдық өмірдің алғашқы қауымдық формасының жойылуына байланысты қоғамдық сананың алғашқы түрі ретінде Мифология да тарих сахнасынан кетті. Бірақ мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі т.б. жайындағы сұрақтар дүниегекөзқарастың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды. Мифтің өз тарихы, классикаға дейінгі немесе архаикалық, классикалық немесе қаһармандық деп аталатын кезеңі, тіпті постклассикасы бар.. Мифті көп жылдар бойы зерттеуші ғалымдар тек адамның қиялынан, ұшқыр ойлауынан туған шығармашылық мұра ретінде бағалап келді. Мына пікірге құлақ түрейікші: «Адамзат ұрпағының балғын, бала кезеңінде олар жаратылыстың терең сырларын білмеді, табиғаттың алдында өздерінің дәрменсіздіктерін сезді. Сондықтан күнге, отқа, найзағайға, тағы да басқа дәл сондай қаһарлы табиғат құбылыстарына табыну, оларды құдай санап сыйыну белең алды. Бұл әдет-ғұрып, жоралғылардан кейін мифтер, аңыз-әңгімелер, фольклорлық шығармалар туды»